ЗАР ЗАМАН АҚЫНДАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТОЛҒАНЫСТАРЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ӨЗЕКТІЛІГІ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2026.1/1999-5911.03
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада «Зар заман» ақындары – Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір шығармашылығының өзегін құрайтын рухани-мәдени құндылықтар жүйесі кешенді түрде талданады. Атап айтқанда, ұлттық рух пен жалпыадамзаттық гуманистік ұстанымдар – әділеттілік, ақиқат, еркіндік мәселелері өзара сабақтастықта қарастырылады. Зар заман дәуірі ақындарының толғауларында ел тәуелсіздігінен айырылудың ұлттық болмыс пен дүниетанымдық бағдарларға тигізген кері ықпалы айқын көрініс табады. Еркіндік, әділеттілік, адалдық, адамгершілік секілді құндылықтарды рухани дамудың негізгі бағдары еткен қазақ қоғамының дүниетанымы бөгде мәдениет пен өркениеттің ықпалымен елеулі трансформацияға ұшырағаны сараланады. Ақындар дәстүрлі құндылықтардың ығыстырылуы мен батыстық мәдени үлгілердің кең таралуына философиялық-поэтикалық пайымдаулар арқылы сыни көзқарас білдіреді. Сонымен қатар, бөгде мәдени парадигманы қабылдаудағы талғампаздық ұстанымын қалыптастырудағы зар заман ақындарының рөлі айқындалады. Мақалада жаһандану жағдайындағы қазіргі интеграциялық үдерістер аясында зар заман поэзиясында көтерілген мәселелердің өзектілігі мен ауқымының арта түсуі ғылыми тұрғыдан негізделеді. Түйін сөздер: зар заман, дағдарыс, тәуелсіздік, еркіндік, дәстүрлі құндылықтар, ұлттық идея, рух.