ЖОО-ДА ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ «ҚАНЫҚҚАН ЖӘНЕ ҚАНЫҚПАҒАН КӨМІРСУТЕКТЕР» МОДУЛІН ВИЗУАЛДЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ (MIND MAPPING ЖӘНЕ CONCEPT MAPPING ӘДІСТЕРІ) НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2026.t83.n1.13
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада органикалық химия пәнінің күрделі тақырыптарын жоғары оқу орнында оқыту барысында mind mapping және concept mapping әдістерін қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – аталған визуалды оқыту әдістерінің студенттердің оқу материалын түсінуіне, жүйелеуіне және меңгеру деңгейіне ықпалын анықтау. Зерттеу 6В05302 – «Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері арасында жүргізілді. Әлеуметтік зерттеу әдістерінің бірі ретінде сауалнама қолданылып, тәжірибелік жұмысқа дейінгі бастапқы және тәжірибелік жұмыс аяқталғаннан кейінгі қорытынды сауалнама нәтижелері салыстырмалы түрде талданды. Бастапқы сауалнама органикалық химияны меңгерудегі негізгі қиындықтарды және студенттердің тиімді деп есептейтін оқыту әдістерін анықтауға бағытталды. Қорытынды сауалнама бақылау және эксперименттік топтарда бөлек жүргізіліп, визуалды әдістердің оқу процесіне әсері бағаланды. Зерттеу нәтижелері mind mapping және concept mapping әдістерін қолдану студенттердің оқу материалын құрылымдауына, теориялық ұғымдар арасындағы байланысты түсінуіне және пәнге қызығушылығының артуына оң ықпал ететінін көрсетті. Мақала материалдары органикалық химияны оқыту үдерісін жетілдіруге және визуалды оқыту әдістерін практикада қолдануға әдістемелік негіз бола алады.