ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ МЕН ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ФАКТОРЛАР, АУҚЫМЫ, САЛДАРЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2026.63.1.003
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Жұмыстың мақсаты 1991–2024 жылдар аралығында көші-қонның Қазақстанның демографиялық құрылымындағы өзгерістерге ықпалын анықтап, халықтың жас ерекшелігіне, этникалық құрамына және аумақтық орналасуына әсер ететін негізгі факторлар мен олардың ауқымын айқындау. Мақаланың міндеттері: Статистикалық деректер мен ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы ішкі және халықаралық көші-қонның негізгі үрдістерін сипаттау; Көші-қонның халықтың жас және этнодемографиялық құрылымының трансформациясына, сондай-ақ урбандалу үдерістеріне қосқан үлесін бағалау.Зерттеуде Ұлттық статистика бюросының деректері (1999, 2009, 2021 жылдардағы халық санақтары, жылдық тіркелімдер), тұруға рұқсат беру мен репатриацияға (оралман/қандас) қатысты әкімшілік деректер, сондай-ақ БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің (UN DESA) халықаралық көші-қон бойынша деректері қолданылады. Әдістемелік тұрғыдан зерттеуде бірнеше тәсіл біріктіріледі: табиғи өсім мен көші-қон өсімінің үлесін ажыратуға арналған когортты-компоненттік декомпозиция; аймақаралық көші-қон ағындарының әсерін бағалау үшін shift-share әдісі; көші-қон саясатының өзгерістеріне (репатриация бағдарламалары, кіру ережелерін жеңілдету немесе қатаңдату) байланысты әсерді анықтау үшін event-study және DID тәсілдері; сондай-ақ урбандалу деңгейі мен жыныс-жас құрылымы бойынша айырмашылықтарды талдау үшін Oaxaca–Blinder әдісі қолданылады. Эмпирикалық талдау үш негізгі бағытқа шоғырланған: (i) халықтың жас құрылымы және демографиялық жүктеме коэффициенттері; (ii) этнодемографиялық құрамдағы өзгерістер; (iii) адами капиталдың өңірлер арасында қайта бөлінуі. Зерттеу нәтижесінде көші-қонның урбанизациялануының қарқыны мен халықтың қартаю үдерісіне қосқан сандық үлесін анықтау, сондай-ақ көші-қонның кетуі мен келуіне ең сезімтал өңірлерді айқындау күтіледі. Практикалық нәтиже ретінде карталар мен дашбордтар жиынтығы әзірленіп, донор және реципиент аймақтар үшін тұрғын үй, еңбек нарығы және білім беру салаларындағы шараларды мақсатты түрде жоспарлауға арналған ұсыныстар беріледі.