ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ ҚҰБЫР ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЫСАНА ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ ТӘУЕКЕЛ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2026.63.1.007
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Әлемдік энергетикалық конъюнктураның күрделенуі мен көлік дәліздері үшін жаһандық бәсекелестіктің артуы Қазақстан мен Қытай арасындағы құбырлық ынтымақтастықты талдаудың ғылыми өзектілігін айқындай түседі. Энергетикалық ресурстарды сенімді және үздіксіз тасымалдау мәселесі қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде стратегиялық маңызға ие болып отыр. Осы зерттеудің мақсаты – екі мемлекет арасындағы магистралдық инфрақұрылымның даму перспективасына әсер ететін негізгі детерминанттарды негіздеу, сондай-ақ энергетикалық өзара іс-қимылдың тұрақтылығын айқындайтын ішкі және сыртқы факторларды анықтау. Зерттеу аясында салыстырмалы-талдамалық және құрылымдық талдау әдістері, статистикалық материалдарды, халықаралық келісімдерді және нормативтік-құқықтық құжаттарды зерделеу тәсілдері қолданылды, бұл алынған нәтижелердің кешенді әрі жүйелі сипатын қамтамасыз етеді. Жұмыстың ғылыми құндылығы трансшекаралық энергетикалық маршруттардың тиімділігін бағалау өлшемдерін нақтылаудан және инфрақұрылымдық жобалардың ұзақ мерзімді орнықтылығын арттыру үшін қажетті алғышарттарды айқындаудан көрініс табады.Зерттеу нәтижелері құбыр жүйесін одан әрі кеңейтудің айқын экономикалық негізге ие екенін көрсетеді, өйткені бұл мемлекеттердің көлік-энергетикалық байланыстарын нығайтуға, экспорттық бағыттарды әртараптандыруға және транзиттік әлеуетті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай жобаларды іске асыру өңірдегі күштер тепе-теңдігінің өзгеруімен, сыртқы акторлардың ықпалымен және қосымша институционалдық әрі инвестициялық шешімдерді талап ететін технологиялық шектеулермен байланысты геосаяси қатерлерді де қамтиды. Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы энергетикалық саясаттың орнықтылығын арттыруға, стратегиялық басымдықтарды халықаралық жағдайдың өзгеруіне бейімдеуге және туындайтын тәуекелдерді азайту тетіктерін қалыптастыруға бағытталған тәсілдерді ұсынудан байқалады. Зерттеудің практикалық маңызы транзиттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларын әзірлеуде, жаңа инвестициялық жобаларды бағалауда және Еуразия кеңістігіндегі энергетикалық ынтымақтастықтың даму сценарийлерін модельдеуде алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігімен айқындалады.