КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ МЕНТАЛЬДІЛІК: ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp229-243
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақаланың мақсаты – көркем шығармалар арқылы көрінетін ментальдік категориясын талдау. Зерттеуде ментальділік категориясы мен оның көркем мәтіндегі репрезентациясы қарастырылған. Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы – әдебиеттегі ментальдік категориясын ұлттық код, ұлттық дүниетаным негізінде дәйектеу. Сонымен бірге оның көркем шығармаларда көрініс беретін прагматикалық аспектісіне назар аудара отырып, нақтылы дәлелдер келтіру. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері алынды. Атап айтсақ, В. фон Гумбольд, М. Барг, А.Я. Гуревич, Е.Ф. Бизунова, А.А. Потебня, В.В. Колесов, Н.К. Култанбаева, Б. Шалабай, Б. Омарұлы. Қ. Байтанасова және тағы басқа зерттеушілердің ұлттық таным мен ментальдікке қатысты ғылыми пайымдары сараланды. Зерттеу барысында ментальділіктің жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтың әлемді және өзін қабылдауын, ой мен сезімін, құндылықтары мен іс-әрекеттерін негіздейтін ақылға қонымды рухани ұстанымдар жиынтығы екені анықталды. Ментальділікті қазір көптеген зерттеу еңбектерінде діл деп қолдану қалыптасқан. Дегенмен зерттеуде әлемдік ғылыми ортада қалыптасқан ментальділік термині қолданылды.Себебі, шетелдік ғылыми айналымда «діл» термині емес «ментелитет» термині қолданылады. Зерттеу кезінде көркем мәтіндердегі ментальділікке байланысты ұғымдарды түсіндіру және талдау әдістері пайдаланылды. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – қазіргі қазақ әдебиет теориясындағы ұлттық белгі, ұлттық таным, ұлттық колорит, ұлттық характер сияқты терминдердің басын біріктіріп, олардың тұтас категориялық сипатын ментальділік ұғымымен астастыра талдау зерттеудің негізгі ұстанымдарының бірі болды. Әдебиеттегі теориялық ұғымдардың ғылыми ауқымының кеңдігі мен оның басқа ғылым салаларындағы аттас ұғымдармен сабақтастығы негізінде ментальділік ұғымының лингвистикалық, философиялық, психологиялық, тарихилық негіздері де мақала мақсатына сай сараланды. Бұл мақаланы жоғары оқу орындарындағы лингвистикалық пәндерді оқытуда пайдалануға болады.