MICROSTRUCTURAL STUDIES AND DURABILITY OFGEOCOMPOSITES FOR THERMAL PROTECTION COATINGS OFLANDFILLS

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51885/3134-8009_jes_2026_1_7
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Қоңырат кенішінің ТМТ үйінділерінің қысқы блоктарын жабу үшін қолданылатын төмен қысымды полиэтиленнен (ТҚП) және геотекстильден тұратын геокомпозиттің төзімділігін бағалау бойынша эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Әртүрлі уақытта (бір айдан үш жылға дейін) пайдаланылған үлгілер зерттелді. JSM-6390LV растрлық электронды микроскопын ("JEOL", 2007) қолдана отырып, ТҚП және геотекстиль беттеріне микроқұрылымдық зерттеулер жүргізілді. Пайдалану процесінде ТҚП бетінде материалдың біртіндеп деформациясын көрсететін микрожарықтар мен ойықтар пайда болатыны анықталды, ал геотекстиль құрылымы тұтастықты сақтайды. Нәтижелер геокомпозиттің полимерлі матрицасының деградациясының сипатын бағалауға және оның ұзақ мерзімді пайдалану жағдайында сыртқы әсерлерге жоғары төзімділігін растауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,полимер бөлігінде микроақаулар болса да, жабын өзінің функционалдығын сақтап, жылу қорғауды тиімді орындауды жалғастыратынын көрсетті.