ҚАЗАҚ АҢЫЗДАРЫНДАҒЫ КИЕЛІ ЖАНУАРЛАР КУЛЬТІ:МИФОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp256-270
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада қазақ аңыздарындағы киелі жануарлар культінің мифологиялық негіздері жанрлық және типологиялық тұрғыдан талданады. Киелі жануар бейнесі көркем сипаттан бөлек, архаикалық дүниетаным мен мәдени жадтың тұрақты символына айналғаны көрсетіледі. Зерттеуде көк бөрі, жылқы, киік, аққу, жылан, ит сынды жануарлар культінің фольклорлық мәтіндердегі мотивтік және семантикалық қызметі қарастырылады. Киелі жануарлар тотемдік түсінікпен, жебеуші рух концептісімен және табу–тыйым жүйесімен байланысады. Олар көбіне қорғаушы, жол көрсетуші, тыйым бұзушыға жаза беруші бейнелер арқылы танылады. Зерттеу барысында киелі жануарлардың «культ – мотив – функция» тізбегі арқылы аңыз мәтініндегі орны анықталып, олардың моральдық, символдық және тәрбиелік қызметтері талданады. Сонымен қатар түркілік және сібірлік халықтардың дәстүрімен салыстыру арқылы киелілік феноменінің әмбебап әрі локальдық сипаты ашылады. Киелілік туралы мифтер мен аңыздарда жануарлар әлем мен адам арасындағы медиатор ретінде де бейнеленеді. Мақалада дәстүрлі дүниетанымдағы синкретизм – тәңіршілдік, шамандық және исламдық ұғымдардың тоғысуы – киелі жануарлар мотивтерінің ұзақ сақталуына негіз болатын мәдени фактор ретінде қарастырылады.