ТІЛДІК АТТРИЦИЯ: ЖАРТЫЛАЙ ДОМИНАНТТЫ БИЛИНГВИЗМ ЖАҒДАЙЫНДА ОРЫС ТІЛДІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ҚАТЕЛЕРІНДЕГІ КӨРІНІСІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss1pp165-181
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақстандағы тілдік жағдай тарихи және әлеуметтік-саяси факторлардың ықпалымен қалыптасты. Соның нәтижесінде елімізде қазақ-орыс қостілділігі қалыптасты. Бұл қостілділік көбіне жартылай доминантты сипатқа ие. Осындай жағдайда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамдағы қызметі өзекті мәселе болып отыр. Өйткені қазақ тілі заң жүзінде мемлекеттік мәртебеге ие болғанымен, күнделікті қарым-қатынастың көптеген салаларында әлі де толық қолданылып жүрген жоқ. Бұл жағдай орыс тілді қазақ жастарының арасында ана тілінің әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Қазіргі тілдік ортада тілдік аттриция құбылысы барған сайын айқынырақ байқалады. Әсіресе орыс тілінде білім алып, сол тілде сөйлейтін қазақ жастары арасында қазақ тілінің қолданысы шектеліп бара жатыр. Бұл үрдіс олардың сөйлеу тілінде түрлі ауытқулардың пайда болуына әсер етеді. Мақала Қазақстандағы жартылай доминантты қазақ-орыс қостілділігі жағдайында қазақ тілінде орын алатын тілдік аттриция мәселесін қарастырады. Зерттеудің басты мақсаты – орыс тілді қазақ жастарының сөйлеуінде кездесетін тұрақты тілдік ауытқулары анықтау. Сонымен қатар бұл ауытқуларды интерференциялық қателерден ажыратып, олардың тілдік аттрицияның көрінісі екенін ажырату көзделді. Зерттеу материалы ретінде университеттің орыс топтарында білім алып жүрген қазақ студенттерінің ауызша және жазбаша жұмыстары алынды. Материалды талдау барысында лингвистикалық қателерді талдау әдісі, салыстырмалы және сандық-сапалық тәсілдер пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері сын есімдердің сөзжасам жүйесінде қателер жиі қайталанатынын көрсетті. Бұл қателер кездейсоқ емес, белгілі бір жүйеге бағынады. Көп жағдайда мұндай ауытқулар студенттерде лексикалық, лексика-деривациялық және деривациялық құзыреттіліктің жеткілікті деңгейде қалыптаспағанымен байланысты. Сонымен қатар зерттеу барысында студенттер нормативті тұлғаларды тануда және дұрыс таңдауда қиналатындығы, сөзжасам үлгілерін қолдану көбіне автоматты түрде жүзеге аспайтындығы байқалды. Зерттеу қорытындылары анықталған тілдік қателерді кездейсоқ құбылыс деп қарастыруға болмайтынын көрсетті. Бұл қателер интерференциямен ғана шектелмейді. Олар жартылай доминантты билингвизм жағдайында қазақ тілінің функционалдық қолданысының тарылуымен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, байқалған ауытқулар тілдік аттрицияның жүйелі көрінісі деп танимыз. Мақала нәтижелері қостілділік жағдайында «ана тілінің иесі» деген ұғымға жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу қазақ тілі материалы негізінде тілдік аттриция теориясын нақтылауға белгілі бір деңгейде үлес қосады.