Abstract
Жаһандық өркениетте қазақ тілінің мәдениетаралық қызметінің санқырлы сипаттарын зерттеуде экспрессивтік стилистиканың өзге ғылымдармен концолидациялануын зерттеу өзектілік танытады. Ғасырлар бойы жинақталған ұлттың даналық ақыл-ой өрісінің қазақ тілі экспресивтік стилистикасының пәнаралық концолидациялануымен қазіргі қазақ тілінің қоғамдық, әлеуметтік функциясын белсендендіріп отыр. Сондықтан экспрессивтік стилистиканың сөздегі экспрессивтік мүмкіндіктерін арнайы талдау маңызды. Заманауи кезеңде қазақ тілін әлемдік деңгейде танытудың салмақты бағыты экспрессивтік стилистиканың әдебиет ғылымымен кіріктірілуі және оның теориялық мәселелерін қолданбалық лингвистикамен сабақтастыру, мысалдармен дәйектеу мақалада жүйелі талданады. Сондай-ақ экспрессивті стилистиканың негізгі ұғымдарының әдебиет пәнімен ықпалдасуы жан-жақты қарастырылады. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының пәнарлық консолидациялануы бейнелеу, бағалау тілдік құралдарының айқындығымен ерекшеленетіні сарапталады. Ұлттық тіліміздегі ұтымды қолданыстар әсіреленіп жеткізілетін ойдың сезім-күй әрекеттері арқылы өрнектелу тетіктерінің қалыптасуы, даму сипаттары анықталады. Қазақ тілінде экспрессияға толы қордаланған шебер қолданыстар, даналық нақыл сөздер, мақал-мәтелдердің кемелденген құбылысын цифрлық технологияға енгізудің әдістері ұсынылады. Сонымен қатар айшықты сөз тіркестерінің web-технологияда қолданылуы тұжырымдар арқылы негізделеді.