ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНДАҒЫДІНДАРЛЫҚ, ДІНСІЗДІК ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2026.1/sskz.12
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеуде жаһандану үдерістерінің ықпалымен қазақстандық жастар арасында қалыптасып жатқан діни және рухани өзін-өзі сәйкестендірудің жаңа формалары талданады. Эмпирикалық негіз ретінде 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың наурызына дейін жүргізілген екі толқынды социологиялық сауалнама деректері алынған. Бұл сауалнамаға 18 бен 35 жас аралығындағы 2000 респондент қатысты. Деректерді жинау Professional 3KA бағдарламасы (E-B-9979 лицензиясы) арқылы жүзеге асырылды, ал олардың кейінгі өңдеуі IBM SPSS Statistics Version 30.0.0.0 (172) пакеті көмегімен жүргізілді. Авторлар қазақстандық жастардың рухани өзін-өзі білдіру ерекшеліктеріне, оның дәстүрлі діни тәжірибелер мен дүниетанымдық ұстанымдардың трансформациясындағы рөліне, сондай-ақ заманауи әлеуметтік сын-қатерлерге бейімделу механизмдеріне назар аударады. Соңғы жылдары әлеуметтік-гуманитарлық білімде жастардың бір бөлігінің институционалданған діни үлгілерден бас тартып, баламалы рухани ізденістерге бет бұру құбылысына қызығушылық артып келеді. Бұл үрдіс зерттеудің ғылыми да, қолданбалы да маңыздылығын айқындайды. Алынған нәтижелер қазақстандық жастардың діндарлықты, діндар еместікті және рухани практикаларды қабылдау тәсілдерінің көпқырлылығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. Мақала ҚР ҒжЖБМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде дайындалды (AP19679699 «Қазақстандық жастардың діндарлығы/руханилығы, әл-ауқаты және бірегейлігі: салыстармалы елішілік зерттеу»).