АЯҚҚА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ СИМВОЛДЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ МАҒЫНАҒА ИЕ БОЛУЫ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2026.1.80.014
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада қазақ тіліндегі аяққа қатысты атаулардың, атап айтқанда, «табан» және «балтыр» сөздерінің символдық және лингвомәдени мағыналары талданады. Бұл атаулар тек анатомиялық дене бөліктерін ғана емес, сонымен қатар терең мәдени және танымдық мазмұнды да білдіреді. Зерттеуде қазақ тіліндегі дене мүшелерін білдіретін сөздердің танымдық табиғаты мен тарихи қалыптасуы тілдік деректер негізінде қарастырылып, ұлттық дүниетанымдағы орны анықталды. Зерттеудің өзектілігі – қазақ тіл білімінде бұл сөздердің когнитивтік-концептуалдық құрылымы, семантикалық өрісі, лингвомәдени сипаты толық зерттелмеген. Сондықтан бұл зерттеу – қазақ тіліндегі антропоцентристік бағыттағы ғылыми ізденістерге қосылатын үлес.Зерттеу мақсаты – қазақ тіліндегі аяқ бөліктері атауларын тарихи, когнитивтік және мәдени тұрғыда қарастыра отырып, олардың символдық мәні мен метафоралық қызметін анықтау. Осы арқылы тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдасу негіздерін ашу көзделеді.Зерттеу әдістері ретінде тарихи-салыстырмалы әдіс, когнитивтік лингвистика тәсілдері (метафоралық, прототиптік, жүйелік немесе фреймдік), сондай-ақ этимологиялық талдау қолданылды.Негізгі нәтижелер: «табан» сөзі – тұрақтылық, еңбек, төзімділік концептілерін бейнелейтін лингвомәдени таңба ретінде сипатталды. Ал «балтыр» сөзі – шаршау, қажу, күш пен мықтылық ұғымдарымен байланыста метафоралық мәнге ие. Қорытындысында, аяққа қатысты ағза атауларының когнитивтік моделі мен мәдени мәні қазақ тіліндегі ұлттық болмыс пен құндылықтардың көрінісі ретінде танылып, тіл мен мәдениеттің байланысын нақты көрсетті.Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары қазақ тіліндегі «табан», «балтыр» концептерінің терең мәдени-символдық мазмұнға ие екенін, олардың адамның әлеуметтік, эмоционалдық және психологиялық тәжірибесін бейнелейтінін дәлелдеді. Бұл – ұлттық лексиканың когнитивтік құрылымын зерделеуде маңызды қадам.Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – когнитивтік семантика мен этнолингвистика тұрғысынан ұлттық концептосфераны танудағы үлесімен анықталады. Практикалық маңызы – зерттеу нәтижелері этнолингвистика, когнитивтік және мәдени лингвистика салаларында, сондай-ақ тіл оқыту мен аударма тәжірибесінде қолдануға тиімді.