Тарихи білім берудегі азаматтық құндылықтар: батыстық тұжырымдамалардың теориялық-әдіснамалық талдауы

Eurasian Journal of History, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.31489/3134-9102/2026-1-1/37-46
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала тарихи білім беру жүйесіндегі азаматтық құндылықтарды түсіндіруге арналған шетелдік теориялық-әдіснамалық тәсілдерді талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі жаһандану, мәдени плюрализм және қазіргі қоғамдағы азаматтық модельдердің трансформациясы жағдайында білім беру тәжірибелеріндегі құндылықтық құрамдастың маңыздылығының артуымен айқындалады. Осы тұрғыда тарихи білім беру тек өткен туралы білімді жеткізетін пән ретінде ғана емес, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, әлеуметтік тәжірибеге сыни көзқарас дамытуға және қоғамдық өмірге саналы түрде қатысуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған кеңістік ретінде қарастырылады. Мақалада азаматтық құндылықтар тарихи білім берудің маңызды категориясы ретінде қарастырылатын шетелдік ғылыми дәстүрдегі негізгі теориялық бағыттар талданған. Атап айтқанда, тарихи білім, азаматтық тәрбие және білім беру практикасының арақатынасын әртүрлі қырынан түсіндіретін либералдық-демократиялық, республикалық, сыни-теориялық, мультимәдени және құзыреттілікке негізделген модельдер қамтылады. Азаматтық құндылықтарды қалыптастырудағы нормативтік және сыни тәсілдердің айырмашылықтарына, сондай-ақ оларды тарихты оқыту мазмұны мен әдістеріне енгізудің тұжырымдамалық жолдарына ерекше назар аударылған. Зерттеу нәтижелері қазіргі шетелдік теорияларда алдын ала қатаң бекітілген құндылықтық ұстанымдардан бас тартып, тарихи ойлау, рефлексия, өткенді интерпретациялау қабілеті және қоғамдық пікірталасқа қатысу дағдыларын дамытуға бағытталған үрдістің күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл тұрғыда азаматтық құндылықтар дайын нормалар жиынтығы ретінде емес, білім алушылардың тарихи нарративтермен, дереккөздермен және әлеуметтік контекстермен саналы әрі сыни өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын құбылыс ретінде түсіндіріледі. Мақалада азаматтық құндылықтардың тарихи білім беруде мазмұндық мақсаттан гөрі, оқу курстарының құрылымын, мазмұнын іріктеу және педагогикалық стратегияларды айқындайтын әдіснамалық бағдар ретіндегі рөлі негізделеді. Сонымен қатар шетелдік тәжірибені сыни тұрғыдан пайымдаудың және оны ұлттық білім беру ағдайларына бейімдеудің маңыздылығы тарихи білімнің идеологиялану қаупін ескере отырып айқындалады.