ХХ ғасырдың басындағы қазақ дәстүрлі қоғамының трансформациясы: әлеуметтік-мәдени аспектілері

Eurasian Journal of History, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.31489/3134-9102/2026-1-1/47-60
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала қарқынды модернизациялық үдерістермен және қоғамдық сананың жаңа формаларының қалыптасуымен сипатталатын XX ғ. басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-мәдени трансформациясын талдауға арналған. Қазақ даласының Ресей империясының әкімшілік, экономикалық және мәдени кеңістігіне енгізілуі жағдайында дәстүрлі әлеуметтік қатынастар мен құндылықтар жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан, мақалада мәдениет, білім беру, бірегейлік және қоғамдық ой саласындағы өзгерістерге ерекше назар аударылады. Бұл үдерістер дәстүрлі қоғамдық үлгіден модернизацияланған әлеуметтік құрылымға өтуді бейнелейді. Авторлар ру-тайпалық бірегейліктің трансформациясын, әлеуметтену тетіктерінің эволюциясын және жазба мәдениеттің таралуы мен білім деңгейінің өсуі жағдайында дәстүрлі институттардың рөлінің өзгеруін қарастырады. Орыс-қазақ білім беру жүйесінің, мұсылмандық оқу орындарының қызметінің және қазақ зиялыларының реформаторлық идеяларының жаңа мәдени кеңістіктің қалыптасуына ықпалы талданады. Білім беру мен ағартушылық әлеуметтік модернизацияның және мәдени өзгерістерді пайымдаудың негізгі құралдары ретінде көрсетіледі. Зерттеуде XX ғ. басындағы публицистика мен мерзімді баспасөзді талдауға айрықша орын беріледі. Бұл басылымдарда қазақ қоғамының даму жолдары, ұлттық тілдің рөлі, дәстүрлі құндылықтар мен модернизациялық ұстанымдардың арақатынасы туралы пікірталастар көрініс тапқан. Аталған дереккөздер ұлттық өзіндік сананың қалыптасу үдерістерін және ру-тайпалық тиесілілікке емес, мәдени-ұлттық белгілерге негізделген жаңа әлеуметтік бірегейліктің орнығуын айқындауға мүмкіндік береді. Мақаланың қорытындысы бөлімінде XX ғ. басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-мәдени трансформациясы дәстүр мен модернизация элементтерін ұштастырған күрделі әрі қайшылықты сипатта болғаны тұжырымдалады. Бұл кезең кейінгі онжылдықтардағы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің негізін қалап, қазақ ұлттық бірегейлігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.