Хамза Абдуллиннің Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шығармашылығы

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-154-1-237-248
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ әдебиетінің айтулы өкілі ақын, аудармашы Хамза Абдуллиннің шығармашылық тұлғасы қарастырылады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тұтқынға түскен ақынның аса ауыр тағдыры, кеңес билігі тарапынан саяси сенімсіздікпен қуғын-сүргінге түскен шырғалаңы мол шығармашылығы талданады. Соғыс тұтқынында және кеңес лагерінің ауыр қыспағында жүріп жазылған саяси-әлеуметтік, көңіл-күй, табиғат лирикасының тақырыптық-идеялық арқауы айқындалады. «Достарым», «Тұтқын жыры», «Зарлы ана туралы жыр», «Бостандық», «Жалғыздық», «Мен жылаймын», «Алтай», «Есіл», «Мағжанның жиені Бибізайыпқа» тағы басқа өлеңдері, «Жауырын» балладасы талданады. Поэзиясының ұлт азаттығы мен тұлға еркіндігін, ұлттық құндылықтар мен адам теңдігін, жалпыадамзаттық гуманизмді аяусыз жаншып отырған сталиндік жүйе озбырлығын суреттеуден туындайтын реалистік сипаты, көркемдік қуаты сараланады. Өлеңдерінің тақырыптық-идеялық өзегі мен өзектілігі кеңес билігіне және адамзат баласына қайғы-қасірет әкелген фашизмге тән озбырлықты әшкерлеуі тұрғысынан зерделенеді. Ол соғыс тұтқынынан соң кеңес билігі тарапына қудаланып, ұзақ жылдарға бас бостандығынан айрылуының ақын тағдырына қаншалықты ауыр соққы болғанын байыптауға мүмкіндік береді. Рухы биік ақынның барлық тоталитаризм қиянатына төтеп беріп, шығармашылық ізденістері, көркем аудармаларымен қазақ әдебиетіне зор үлес қоса білгені тұжырымдалады.