Сөзжасамдық метафора: метафоралық уәждеменің семантикалық әлеуеті

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026phi1(121)/80-88
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада лингвистика және әдебиеттану ғылымдары саласында зерттеу нысанына айналған, ауыспалы мағынаның берілу жолының бірі ретінде сипатталып жүрген метафоралық құбылыс номинация бірлігі ретінде қарастырылған. Тіл бірлігінің эмоциялық, экспрессивтік, стилистикалық реңі саналатын метафораның қалыптасуында функционалды-прагматикалық қызмет атқаратын коннотацияның сипаты талданады. Коннотацияның лингвистикалық табиғаты мен мағынасы тілбірліктерінің бір бөлігі ретінде кез келген ұғымдық мағынаның ассоциативті-бейнелік ішкі құрылымын түсінуден туындайтын қосымша мағына екені айқындалады. Сонымен қатар мақалада концептуалдану нәтижесінде тіл иесінің танымында қалыптасқан метафоралы тілдік бірліктердің моделі жасалатындығы, метафоралы уәждеменің жаңа жасалымдағы ерекшелігі, ауыс мағынадағы уәжділік дәрежелердің бір-бірінен ерекшеленетіндігі және ол сөзжасамдық құрылым шеңберінде ғана айқындалатыны нақты мысалдар негізінде түсіндіріледі. Жаңа аталымның жасалуына негіз болған уәждеме бірліктерді анықтауда олардың тілдік сипатымен қоса танымдық негізі де назарға ілігеді. Авторлар тарапынан метафоралы аталымдардың астарынан уәж сөздің семантикасы айқын не жасырын тұрғандығына қарамастан, тіл иесінің дүниетанымы байқалады, метафоралық уәждеменің семантикалық әлеуеті жаңа жасалымның тұлғасынан анық көрініп тұрады деген тұжырым жасалады. Қазақ сөзжасамындағы метафоралық аталымдар біртұтас лексикалық бірліктер ретінде танылып,мақалада басқа ұқсас тілдік құбылыстардан айыратын негізгі белгілері де айқындалады. Мақалада метафоралы аталымдарды жіктеу мәселесі де қаралып, оларды жіктеуде нақтыдан абстрактіге ауысу, нақтыдан нақтыға ауысу, іс-әрекетпен байланыс, антропоцентрикалық ұстанымдар негізге алынатыны талданады. Сондай-ақ мақала авторлары атаудың ішкі құрылымы ұғыммен тығыз бірлікте болатындығына, ішкі құрылым атауды құрастырушы компоненттердің өзара байланысын сақтайтынтұтас тілдік құбылыс екеніне назар аударады да, уәждеме арқылы ішкі мағыналық құрылымның негізінде метафоралық атау қалыптасады деген қорытынды тұжырым жасайды. Зерттеу нәтижесінде номинативтік құбылыспен тығыз байланысты категорияның бірі — ішкі форма екені, ішкі форма сипаттары семантикалық аспектіде қарастырылғанда іштей бөлініп ажыратылмайтыны, басқалармен бірге олар да ұғымдық мағынаға кірігетіні анықталады. Мақалада ішкі форма уәжденукатегориясымен бір қатарда қарастырыла талданады. Мақала авторлары ғылыми материалдар мен тілдік деректерге сүйене отырып, метафоралық аталымның семантикалық әлеуетін айқындауды уәждеме және аталым теориясы аясында зерттеу маңызды деген қорытындыға келді және зерттеу нәтижесінде метафоралық аталымдардың жасалуында сөздің ішкі мағыналық формасы негізгі фактор ретінде анықталды.