ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛОББИЗМ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ІС-ҚИМЫЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.89.1.005
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Зерттеу жұмысы лоббистік қызмет пен сыбайлас жемқорлық-қа қарсы заңнаманың өзара байланысын саяси және құқықтық тұрғыдан кешенді түрде талдауға арналған. Лоббизм қазіргі заманғы саяси жүйеде заңмен реттелген жағдайда азаматтық қоғам мен билік арасындағы ашық диалог тетігі ретінде қарастырылады. Алайда ол заңсыз, бақылаусыз, жа-сырын түрде жүргізілген кезде сыбайлас жемқорлық қаупін тудыра ала-ды. Осы тұрғыда, Қазақстан жағдайында лоббистік қызметтің құқықтық реттелмеуі жемқорлық тәуекелдерінің артуына себеп болуы мүмкін.Жұмыста лоббизм ұғымының мәні, халықаралық тәжірибедегі құқықтық шектеу құралдары, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың даму бағыттары және осы екі құбылыстың түйісу нүктелері сараланып көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда лоббизм мен сыбайлас жемқорлық арасындағы шекаралардың бұлыңғыр екендігі және оны құқықтық негізде нақтылау қажеттілігі дәлелденді. Лоббизмді заңдастыру, ашықтық пен есептілікті енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болатыны көрсетілді. Осы ғылыми жұмыс қорытындысында бірқатар ұсыныстар мен практикалық тетіктер ұсынылды. Зерттеу нәтижелері мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, құқықтық реформаларды жетілдіруге және саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізе алады.