Онлайн дискурстағы қазақ тілді жастардың тілдік мінез-құлқы (Threads әлеуметтік желісі материалдарының негізінде)

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2011202611
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Threads әлеуметтік желісіндегі қазақ тілді жастардың тілдік мінез-құлқы психолингвистикалық және прагматикалық тұрғыдан кешенді түрде талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – жастардың онлайн-дискурста эмоцияны, бағалауды және коммуникативтік ниетті қандай тілдік құралдар арқылы білдіретінін анықтау. Зерттеу материалы ретінде 20-35 жас аралығындағы пайдаланушылардың ашық жарияланған 94 пікірі іріктеліп, олардың ішінен мазмұндық және құрылымдық тұрғыдан репрезентативті 10 пікір терең сапалық талдауға алынды. Сапалық талдау негізінде психолингвистикалық талдау ішкі сөйлеудің көріністерін, экспрессивтілік деңгейін және когнитивтік механизмдерді анықтауға бағытталса, прагматикалық талдау жазбалардың коммуникативтік мақсатын, адресатқа бағдарлануын және эмоциялық стратегияларын сипаттауға негізделді. Сонымен қатар пікірлердегі авторлық позиция, бағалауыш бірліктер мен дискурстық маркерлердің қызметі де қарастырылды. Зерттеу нәтижелері жастардың онлайн-коммуникациясында бейәдеби лексиканың, код-ауысымның, графикалық құралдардың, эмодзи мен интонацияны білдіретін белгілердің белсенді қолданылатынын көрсетті. Бұл құбылыстар жастардың ішкі ойлау жүйесінің, әлеуметтік позициясының және эмоционалдық күйінің тілдік формада тікелей көрініс табатынын дәлелдейді. Мақала қазіргі цифрлық ортадағы жастардың тілдік мінез-құлқын тереңірек түсіндіруге және психолингвистикалық, прагматикалық зерттеулер қорын толықтыруға ғылыми үлес қосады. Зерттеу нәтижелері онлайн-дискурстағы экспрессивті құралдардың жүйесін жас ерекшелік факторымен, платформалық коммуникация талаптарымен және аудиториялық күтімдермен байланыстыра түсіндіруге мүмкіндік береді. Алынған тұжырымдар әлеуметтік желідегі қазақ тілді контентті прагматикалық тұрғыдан модельдеуге, сондай-ақ цифрлық дискурстағы тілдік нормалану мен өзгеріс үдерістерін сипаттауға негіз бола алады. Түйін сөздер: психолингвистика, тілдік мінез-құлық, онлайн-дискурс, жастар тілі, эмоциялық экспрессия.