Қожа Ахмет Ясауи «Хикметтеріндегі» «кемел адам» концептісінің когнитивтік құрылымдары

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph201120261
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Қожа Ахмет Ясауидің «Хикметтеріндегі» «кемел адам» концептісінің көркемдік-философиялық мазмұны жан-жақты талданады. Аталған ұғымның Ибн Араби сияқты мұсылман ойшылдарының еңбектерінен бастау алып, сопылық ілімде ерекше орын иеленгені және қазақ рухани кеңістігінде, әсіресе Абайға дейінгі кезеңде тұрақты түрде көрініс тапқаны қарастырылады. Ясауидің «Хикметтеріндегі» «кемел адам» концептісі сопылық дәстүрден бастау алатын және қазіргі әдеби үдерістегі көріністеріне дейін жалғасатын рухани-танымдық сабақтастық ретінде зерттеледі. Зерттеу материалы ретінде Р. Сыздықованың «Ясауи хикметтерінің тілі» атты еңбегі мен Ташкент қолжазба нұсқасы негізге алынып, солар арқылы мәтіннің тілдік, дүниетанымдық және концептуалдық ерекшеліктері айқындалады. Мақалада өзінің шынайы адамдық болмысынан ажыраған адам бейнесі мен рухани кемелдікке жеткен тұлға бейнесі салыстырылып, олардың қоғам өміріндегі мәні мен рөлі ашылады. Әртүрлі ғалымдардың көзқарастары негізінде кемел адамның әлем мен қоғамды ақиқат жолына бастайтын, әділет пен туралықты орнықтыратын, жағымсыз әдеттерді сынайтын және ізгілік пен тәртіпті насихаттайтын тұлға ретіндегі қызметі талданады. Сонымен қатар сопылық ілімдегі кемелдік ұғымының тарихи қалыптасуы, оның түркілік дүниетаныммен байланысы және қазақ рухани мәдениетіндегі сабақтастық арналары көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында семантикаға, Ясауи мұрасына, сопылық дүниетанымға және «кемел адам» концептісіне қатысты пәндерді оқытуда, сондай-ақ осы бағыттардағы ғылыми зерттеулерде пайдаланылуы мүмкін. Түйін сөздер: Ясауи, «Хикметтер», «кемел адам», концепт, когнитивтік құрылым.