ҚАРҚАРАЛЫ ДУАНЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРІ (1822-1868 жж.)

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59103/muzkz.2026.13.05
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аңдатпа. Қазақ халқының әлеуметтік тарихының жүзеге асар орны болып табылатын қалалар тарихы – қоғам тарихының бөлінбес бөлшегі. 1822 жылғы «Сібір қырғыздарын басқару туралы Ереженің» енгізілуі негізінде Ресей империясы қазақ даласын саяси-қоғамдық, басқару ісі мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзіне тәуелді етті. Нәтижесінде ауыл, болыстар округтарға біріктіріліп, Ресей империясының отарлау саясаты қазақ жеріне орныға бекіді. Мақалада 1824 жылы ашылған Қарқаралы дуаны халқының қоғамдық-саяси тарихы қарастырылған. Қазақ даласында алғаш ашылған округтардың даму тарихы жергілікті тұрғындардың өмір сүру салтымен тығыз байланыста дамыды. ХІХ ғасырдағы Қарқаралы дуаны қазақтарының тарихын қарастыру, Ресей империясы құрамында болған қазақ даласының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді. 1824 ж. Қарқаралы өңірінде ашылған мемлекеттік ғимараттардан бөлек саудагерлер мен жергілікті қазақтарға арналып тұрғын үйлер салынды. Мұнда жергілікті қазақтар үшін мешіт ашылса, қоныс аударған славян халқы үшін шағын часовня салынған. Өңір тарихында «Қоянды» жәрмеңкесі ерекше орынға ие. Осы жәрмеңкелік саудаға тартылған саудагерлер Қарқаралыда өздеріне ағаштан ойылған және қызыл кірпіштен ерекше үйлер салды. Бұл Қарқаралы өңірі халқының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға көтерілгенін көрсетеді. Мақаланың мақсаты – 1822-1868 жж. Қарқаралы дуаны қазақтарының қоғамдық-саяси өмірі тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу болып табылады.