ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ЗЕРТХАНА КӨМЕГІМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕЙТІН ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.80.1.008
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада жоғары оқу орнының физика курсында білім алушылардың өзін-өзі реттеп оқу (SRL - self-regulated learning) дағдыларын дамытуда цифрлық зертханалардың рөлі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты - дәстүрлі зертханалармен салыстырғанда цифрлық зертханалардың SRL компоненттерін (мақсат қою, жоспарлау, бақылау және өзін - өзі бағалау) дамытуға ықпалын анықтау. Қазіргі білім беру жүйесінде SRL дағдылары маңызды құзіреттілік ретінде танылып отыр, сондықтан оларды қалыптастырудың тиімді құралдарын анықтау өзекті мәселе болып табылады. Өзін-өзі реттейтін оқуда білім алушылар неліктен қиналатындығы, цифрлық зертхананың артықшылықтары мен кемшіліктері және зерттеу жүргізу кезеңдері нақты айтылады. Мақалада SRL теориялық негіздері, зертханалық жұмыстарды салыстырмалы талдау, зерттеу әдістемесі және эмпирикалық нәтижелер сипатталады. Зертханалық жұмыс ыңғайлы, мультифункционалды Releon Air және Releon Lite цифрлық зертханалық құрал көмегімен жүргізіледі. Зерттеу жұмысында сабақтар дәстүрлі және цифрлық форматта өткізіліп, білім алушыларға пре- және пост-тест ұсынылады. Таңдап алынған жоғары оқу орнынан 45 студентке сабақ жүргізілді және осы студенттерден тесттік тапсырмалар алынып отырады. Тест нәтижелеріне IBM SPSS Statistics Version 29 компьютерлік бағдарламасының көмегімен салыстырмалы талдау жүргізіледі. Өзін – өзі реттеу дағдыларын өлшеу мақсатында халықаралық деңгейде ең көп таралған SRL өлшемі (MSLQ) жасалды. Цифрлық зертханаларды қолдану арқылы алынған мәліметтер білім алушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына оң ықпал еткенін көрсетеді. Зерттеу қорытындысы бойынша цифрлық зертханалар физика пәніндегі күрделі тақырыптарды түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, білім алушылардың өздігінен білім алу дағдыларын да жетілдіретіні көрінеді.