БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ТҰЗДЫ БӨЛІГІНІҢ АЛЬГОФЛОРА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АКСЕНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН БӨЛІП АЛУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/eje86120267
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл жұмыста Балқаш көлінің тұзды бөлігінің альгофлорасының түрлік құрамы анықталып, келешегі мол микробалдырлар мен цианобактериялардың жаңа дақылдары бөлініп алынып, олардың морфологиялық, дақылдық және физиологиялық қасиеттері зерттелді. Талдау нәтижесінде Балқаштың шығыс жағалауынан алынған су сынамаларының альгофлора құрамында диатомды балдырлар (Bacillariophyta) 40,33%, жасыл балдырлар (Chlorophyta) 32%, көк-жасыл балдырлар (Cyanophyta) 19,33% және эвгленалық балдырлар (Euglenophyta) 8,33% құрады. Олар 4 бөлімге, 6 классқа, 6 қатарға, 11 тұқымдасқа және 22 туысқа жататындығы анықталды. Микробиологиялық әдістері негізінде микробалдырлар мен цианобактериялардың 8 аксеникалық таза дақылдары бөлініп алынып, олар Oscillatoria sp, Nostoc sp, Arthrospira sp, Anabaena sp, Chlorella vulgaris, Parachlorella kessleri, Dunaliella salina, Navicula sp. болып анықталды. Әр дақыл үшін өсірудің оңтайлы жағдайлары анықталды. Бөлініп алынған цианобактерия дақылдарының өсу қарқындылығы BG-11, Заррука қоректік орталарында рН 7 - 9 кезінде 28-32°С оптималды температура аралығында байқалды. Ал, бөлініп алынған микробалдыр дақылдары, Тамия, Артария және BG-11 қоректік орталарында рН 6,5–7,5 кезінде 27°C -30°C температура аралығында тиімді өсу көрсеткішін көрсетті. Бұл таза дақылдар өндірістік биотехнологияда, атап айтқанда биологиялық белсенді қоспалар әзірлеуде ерекше қызығушылық тудыратын объект болып табылады. Кілт сөздер: альгофлора, аксеникалық таза дақылдарды бөлу, микробалдырлар мен цианобактерия дақылдары, тұзды көл.