АБАЙ ОБЛЫСЫ ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢ ГЕОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem80120264
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Абай облысы Үржар ауданының геодемографиялық жағдайы қарастырылды. Геодемография – географиялық кеңістіктегі демографиялық үрдістердің даму заңдылықтарын зерттейтін демография ғылымының географиялық бағыттағы саласы. Геодемографиялық деректер аудандағы халықтың орналасу тығыздығын көрсетеді, бұл инфрақұрылымды дұрыс жоспарлауға көмектеседі. Зерттеудің мақсаты - Абай облысы Үржар ауданының геодемографиялық даму үрдістеріне кешенді талдау жасау. Зерттеу барысында Үржар ауданы ауылдық округтерінің халқының саны мен тығыздығы, табиғи қозғалысы, көші-қон үрдістері, жас-жыныстық құрылымы, этнодемографиялық құрамы, урбандалу және қоныстану жүйесі, әлеуметтік - экономикалық сипаттары талданды. Облыстағы барлық аудандардың халқының өсу/кему қарқынына салыстырмалы талдау жасалынды. Табиғи өсім, көші-қон көрсеткіштері және олардың жалпы өсімінен алынған мәні негізінде Үржар ауданының табиғи өсім коэффициенті төмен ауылдық округтер анықталды. Көші-қон үрдісі басым елді-мекендер анықталды (Алтыншоқы, Барқытбел, Бестерек, Науалы, Елтай, Жаңатілек, Қоңыршәулі, Қарақол, Көлденен, Көкөзек және т.б.). Үржар ауданының аграрлық бағыттағы экономикасы көші-қон үрдістеріне елеулі ықпал етеді. Статистикалық деректер негізінде аудандағы ауылдық окургтердің халқының жалпы саны және табиғи өсім картасы құрастырылды. Зерттеу қорытындысы бойынша ауылдық окургтер арасында табиғи өсім оң болғанымен, теріс миграциялық сальдо, аумақтық дисбаланс байқалды. Зерттеу нәтижесі ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуын жоспарлауға, басқаруға және болжауға қажет.