Abstract
Бұл зерттеу Қазақстан Республикасында педагогтердің білімін бағалауда қолданылатын физика пәні тест тапсырмаларының психометриялық сипаттамаларына талдауға арналған. Зерттеу 2025 жылы өткізілген педагогтердің білімін бағалау (ПББ) апробациясының нәтижелеріне негізделген. Талдау барысындаРаш өлшеу моделі қолданып, тесттің сенімділігі, валидтілігі және дифференциациялық қабілеті бағаланды. Жалпы апробацияға 6000-нан астампедагог қатысқанымен, талдау үшін 118 қатысушыдан тұратын репрезентативті іріктеме пайдаланылды. Зерттеу нәтижелерітесттің жоғары сенімділігін көрсетті (Item Reliability = 0,99), т апсырмалардың 92%-ы валидтілік критерийлеріне сәйкес келді (Infit/Outfit MNSQ 0,5–1,5аралығында). Сонымен қатар, тапсырмалардың қиындық деңгейі логит шкаласында бағаланып, дистракторлық талдау жүргізілді. Кейбір тапсырмаларда сәйкессіздік байқалып, қайта қарау ұсынылады. Тестіленушілер мен тапсырмалардың қабілеті мен күрделілігі арасындағы сәйкестік тесттің білім деңгейін кең ауқымда бағалауға жарамды екенін көрсетті.2022 жылдан бастап енгізілген тақырыптық талдау педагогтерге өз нәтижелерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері қолданылған тесттің педагогтердің пәндік білім деңгейін объективті бағалауға жарамды екенін дәлелдейді және тест тапсырмаларының сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар ұсынады.