Мультимедиялық технологиялар негізінде академиялық жазылым қабілеттерін қалыптастыру

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2011202622
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы академиялық жазылым қабілеттерін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері мен тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылады. Қазіргі жоғары білім беру жүйесінде академиялық жазылым студенттің академиялық және кәсіби әлеуетін айқындайтын негізгі құзыреттердің бірі болып табылады. Цифрландыру жағдайында дәстүрлі мәтінге негізделген оқыту модельдері білім алушылардың танымдық, коммуникативтік және шығармашылық қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмай отыр. Осыған байланысты мультимедиялық технологиялар, атап айтқанда бейнедәрістер, интерактивті платформалар, гипермәтін, подкасттар, инфографика және цифрлық сторителлинг академиялық жазылымды оқытудың тиімді құралдары ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – мультимедиялық технологиялар арқылы академиялық жазылым қабілеттерін қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындау және олардың педагогикалық әлеуетін ғылыми тұрғыда негіздеу. Зерттеу барысында талдау, синтез, салыстыру және жүйелеу сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижелері мультимедиялық білім беру ортасының студенттердің академиялық мәтін құрастыру, дәлелдеме ұсыну, дереккөздермен сыни жұмыс істеу және академиялық стиль нормаларын сақтау қабілеттерінің дамуына оң әсер ететінін көрсетті. Мақаланың ғылыми жаңалығы мультимедиялық технологияларды академиялық жазылымды қалыптастырудың кешенді моделі ретінде ұсынуымен айқындалады. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында академиялық жазылым курстарын жетілдіруге, оқытушылардың әдістемелік қоржынын толықтыруға және білім алушылардың академиялық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: мультимедиялық технологиялар, академиялық жазылым, академиялық сауаттылық, жоғары білім, цифрлық педагогика, академиялық адалдық.