Шешен сөздің түрлерін оқыту негізінде білім алушылардың шығармашылық ойлау дағдысын дамытудың әдістері

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2011202626
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада авторлар шешен сөздің түрлерін қазіргі білім беру үдерісінде оқытудың тиімділігін қарастырып, жас ерекшелігіне сәйкес білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпалын теориялық тұрғыдан негіздейді. Зерттеуде риториканы оқыту, шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру және жас ерекшелік психологиясы бағытындағы тұжырымдар сабақ мазмұнын құрастыру мен тапсырмалар жүйесін таңдаудың әдіснамалық тірегі ретінде алынады. Шығармашылық ойлауды дамытудың тетіктері (ойлау икемділігі, дәлелдеу мәдениеті, интерпретация, тілдік тұлғаның өзіндік «үнін» қалыптастыру) сипатталып, аталған дағдылардың жетілуіне ықпал ететін практикалық жаттығулар жүйесі ұсынылады. Шешен сөздің түрлеріне қатысты сабақтың теориялық бөлігі А. Байтұрсынұлы мен М. Ахетов еңбектеріндегі риторика мен сөз мәдениетіне қатысты қағидаларға сүйенеді. Практикалық бөлімде риторикалық мәтіндерді талдау, байымдама (эссе) жазу, шешен сөз құрастыруға машықтану, мақал-мәтелге қатысты жеке көзқарасты дәлелді түрде баяндау сияқты тапсырмалар қамтылған. Авторлар ұсынылған тапсырмалар білім алушылардың аналитикалық және сыни ойлауымен қатар, шығармашылық ойлауын дамытуға жағдай жасайтынын, сондай-ақ пікір айту мәдениеті, жауапкершілік, коммуникативтік әдеп, ұлттық-танымдық бағдар сияқты құндылықтарды нығайтуға ықпал ететінін уәждейді. Іс-әрекетті зерттеу (action research) әдіснамасына сәйкес жалпы білім беретін мектеп жағдайында жүргізілген эксперименттің нәтижелері диаграммалар мен кестелер арқылы беріледі. Зерттеу деректері сабақтардың оқушылар бойында қажетті дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыруға ықпалын көрсетіп, әдістемелік ұсыныстардың қолданбалылығын негіздейді. Мақала қорытындысында шешен сөзді оқытудың мазмұнын жас ерекшелік деңгейіне сай саралау, тапсырмаларды күрделендірудің сатылы үлгісі және нәтижені бағалау көрсеткіштері бойынша практикалық ұсыныстар беріліп, бұл тәсілдің оқу үдерісіне енгізілу мүмкіндігі айқындалады. Түйін сөздер: шешендік өнер, шешен сөздің түрлері, мақалдар, жеткіншек, сыни ойлау, шығармашылық ойлау, шығармашылық.