НАШАР КӨРЕТІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЭТНОМУЗЫКА АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.80.1.039
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада көру қабілеті бұзылған, оның ішіне нашар көретін 3–4 сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын халық музыкасы арқылы қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – халық музыкасының тәрбиелік әлеуетін айқындай отырып, оны арнайы білім беру жүйесінде адамгершілік тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау болды. Зерттеу барысында қазақ халық музыкасының мазмұнына тұлғааралық құндылықтар – достық, адалдық, сенім, мейірімділік, ізгі ниет, ар-ождан – тұрғысынан талдау жасалды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – этномузыкалық материалдарды көру қабілеті бұзылған оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бейімделген әдістемелік үлгі ұсынуымызда. Практикалық маңыздылығы – ұсынылған әдістерді музыка сабақтарында, үйірмелерде және қосымша білім беру процесінде қолдануға болады. Зерттеу А.А. Радугинаның құндылықтар классификациясына және музыкалық білім беру мен арнайы педагогика саласының ұстанымдарына сүйене отырып жүргізілді. Адам қоршаған орта туралы ақпараттың басым бөлігін көру арқылы қабылдайды. Алайда көру қабілетінде бұзылыс болған жағдайда негізгі ақпаратты қабылдау процесі басқа анализаторлардың көмегімен жүзеге асады. Мұндай жағдайда жетекші рөлді есту анализаторы атқарады. Тыңдау – көру қабілеті бұзылған балалардың танымдық әрекетінде маңызды орын алатын негізгі механизмдердің бірі. Осы орайда музыка сабағының шығармашылық сипатта болуы – арнайы білім алушы оқушылар үшін үлкен мүмкіндіктер тудырады. Музыкалық шығарманы тыңдау барысында нашар көретін оқушылар оның мазмұнына, көркемдік-бейнелік ерекшеліктеріне назар аударады, шығармада берілген эмоционалдық көңіл күйді есту арқылы сезінеді. Тыңдалған материал негізінде оқушыларда өз ой-пікірін айту, музыкалық бейнені түсіну, оның мазмұнын бағамдау қабілеттері дамиды. Бұл үрдіс тек есту арқылы қабылдау қабілетін ғана емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, дамытуда, музыкалық шығармалар арқылы рухани-мәдени дүниетанымды кеңейтуге мүмкіндік береді.