ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ЦИФРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.80.1.018
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

ХХІ ғасыр технологияның жан-жақта тұрғыдағы даму кезеңі болып табылады. Бұл білім саласына да өз ықпалын тигізуде. Еліміздегі барлық білім беру салалары цифрлық технологияның мүмкіншілігін пайдаланып, өз кітапханаларындағы оқыту ресурстарын электронды түрде қол жетімді етіп жасауда. Білім беру жүйесінде заманауи цифрлық технологиялар негізінде оқыту ресурстарын цифрландыру оқыту үдерісінде жаңашылдыққа ықпал етеді, білім алушылардың оқу қызметінде бірнеше әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мұғалімдердің цифрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді, онлайн оқыту платформаларын, онлайн тақталарды, вертуальды лабораторияны қолдануды қамтамасыз етеді. Мақалада кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін цифрландырудың маңыздылығы мен тиімділігі және болашақ педагог мамандардың цифрлық құзыреттілігін арттырудағы оқыту ресурстарын дамыту әсері қарастырылған. Дегенмен оның қаншалықты тиімді деңгейде екендігі эмпирикалық тұрғыда зерттеу нысаны ретінде көп қарастырылмаған. Мақала педагогикалық колледж кітапханасының цифрлық бағыттағы оқыту ресурстарын бағалауға бағытталған кэйс болып табылады. Зерттеу әдісі ретінде сауалнама және сұхбат әдісі алынды және зерттеу сапасын арттыру мақсатынад екі әдіс біріктіріліп, аралас әдіс ретінде қолданылды. Сауаланамаға болашақ бастауыш сынып мұғалімдері ретінде білім алушы 129 студент өздері білім алып жатқан колледж кітапханасының цифрлық оқыту ресурстарын бағалау бағытындағы сұрақтарға ерікті түрде жауап берді. Сонымен қатар 9 студенттен сұхбат алынып, олардың пікірлеріне талдау жасалынды. Зерттеу нәтижесі бойынша кітапхана ұсынатын цифрлық оқыту ресурстары өз деңгейінде қызмет көрсетеді, дегенмен техникалық дизайны, шетелдік әдебиеттермен толықтыру және топтық жұмыстар үшін нұсқаулықтардың берілуі сияқты бағыттағы жұмыстар жетілдіруді қажет етеді деген тұжырымдар да анықталды.