Қазақстанда бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындаудың және жаза атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандар санын азайтудың құқықтық негіздері

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026l1/137-146
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақстан Республикасының жаза атқару тұжырымдамасында бас бостандығынан айыру көп қолданылатын жаза түрі. Бостандығынан айыру — бұл бір жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету ретінде: адам құқықтарын қылмыстық құқық бұзулардан қорғау құралы болса, екінші жағынан сотталғандардың құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ететін құқықтық механизм. Мақаланың мақсаты — бостандығынан айыру жазасын өтеушілердің құқықтық жағдайын жақсарту үшін Қазақстандағы бостандығынан айыру жазасын атқару мекемелерінің қызметін құқықтық жетілдірумен жаза атқару органдары жүктемесін азайтудың нормативтік негіздерін талдау. Зерттеу барысында жүйелік-құрылымдық әдістерді қолдану тақырыпқа қатысты мемлекеттің ұстанымы мен адам құқықтарын қорғау негіздерін талдауға мүмкіндіктер берді. Статистикалық-құқықтық әдістер көмегімен бостандығынан айыруға сотталғандардың саны, түрмелердің толтырылуына қатысты ресми деректер алынды. Салыстырмалы-құқықтық әдістер арқылы бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаның алыс-жақын мемлекеттердің (Түркия, Германия және т.б.) заңдарында реттелуі қарастырылды. Жаза қолданудың негізділігі мен тиімділігін арттыруда бостандығынан айыру түріндегі жаза өтеушілерді мекемелерде ұстау жағдайлары мен адам құқықтарын қамтамасыз ету, түрме халқының санының көп болуы теріс әсер беруі мүмкін. Пенитенциарлық жүйе жүктемесінің артуы тұрғын алаңның жеткіліксіздігі, сотталғандар арасындағы қақтығыстардың көбеюі, жеке кеңістікке қол сұғылуы, тамақтану жүйесіндегі олқылықтар мен санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталмауы, сондай-ақ мекеме қызметкерлерін үнемі оқытудың шектелуі және т.б. мәселелерді туындатады. Нәтижесінде бостандығынан айыру түріндегі жаза өтеушілердің құқықтарын сақтау тетіктері ұсынылып, кейбір елдердегі бостандығынан айыру орындарында ұстаудың жағымды практикасына шолу жасау негізінде түрме халқының санын азайтудың мүмкіндіктері анықталды.