Ислам құқығының қазіргі заманғы медициналық мәселелерге қорытындылары: трансплантация мәселесі

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs45120264
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл зерттеу жұмысында ғаламдық ғылымның дамуымен туындаған медициналық мәселеге діни контекстегі зерттеу жасалынады. Адам ағзасын трансплантациялау және донорлық ХХІ ғасырда жаһандық қоғамдастық үшін көптеген этикалық және моральдық сұрақтарды тудыруда. Мақалада ағза-мүшелерді трансплантациялау мен донорлыққа қатысты ислами көзқарас қарастырылады. Аталмыш күрделі мәселені дұрыс талдау үшін ислам мен шариғаттың негізгі қағидаларын немесе ислам құқығын тұжырымдау қажет. Бұл мақалада ең алдымен шариғатқа негізделген мүшелерді трансплантациялау мен донорлыққа қатысты заманауи исламдық көзқарастар қарастырылады. Зерттеу жұмысында статистика қаралып, негізгі ислам қайнар-көздеріне сүйеніп көрнекті ғалымдардың пікірі келтірілді. Ислам құқығының негізгі принциптері (ижтиһад, қияс, маслахат) негізінде трансплантация мәселесіне қатысты қазіргі заманғы пәтуалар мен заңнамалық шешімдерді кешенді түрде саралау. Мақалада мүше донорлығының шариғат шеңберіндегі рұқсат етілу шегі мен шарттарын айқындау көзделген. Зерттеу барысында ислам құқығындағы трансплантация мәселесі бойынша біртұтас консенсус жоқ екені, керісінше пікірлердің плюрализмі байқалды. Бір топ ғалымдар «дене – Алланың аманаты» деген принципті алға тартып, ағза донорлығына шектеу қойса, екінші топ «қоғамдық пайда» (маслаха) мен «төтенше қажеттілік» (дарурат) қағидалары арқылы бұл практиканы легитимдеуге тырысады. Бұл зерттеу мұсылмандардың ағза донорлығына деген көзқарасын қалыптастыратын діни факторларды зерттейді. Зерттеу нәтижелері ағза донорлығы, адам өз ағзасына ем дом іздей алу құқығы жайлы діни көзқарасты анықтады. Түйін сөздер: трансплантация, биоэтика, шариғат, ағза донорлығы, Исламдағы биоэтика