Миф пен бейне визуалды танымның онтологиялық және эпистемологиялық өлшемдері

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp95120266
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада миф пен бейнелеу өнерінің арақатынасы визуалды танымның философиялық табиғаты тұрғысынан қарастырылады. Миф архаикалық баяндау формасы ретінде емес, болмысты мағыналандыратын онтологиялық құрылым және танымның архетиптік моделі ретінде түсіндіріледі. Ал бейнелеу өнері – осы құрылымның көркем репрезентациясы және болмысты пайымдаудың дербес эпистемологиялық формасы ретінде негізделеді. Зерттеу барысында Ә. Бақтыгерей, С. Бәпішев, С. Бектияр және Б. Түлкиев шығармалары талданып, мифтік архетиптер мен ұлттық кодтардың заманауи көркем тілдегі көріністері мен интерпретациясы талданады. Мақалада постмифтік сана, визуалды таным, архетип пен символдың көркемдік семантикасы философиялық дискурс деңгейіне көтеріледі. Сонымен қатар өнердің эстетикалық форма ретіндегі, дүниетанымдық және экзистенциалдық мазмұн тудыратын метатіл ретіндегі қызметі айқындалады. Мақалада миф көркем репрезентация арқылы болмысты танудың дербес онтологиялық-эпистемологиялық формасы ретінде қарастырылады. Ал көркем бейне эстетикалық объектіден гөрі мағына өндіретін философиялық құрылым ретінде пайымдалады. Осы тұрғыдан алғанда, бейнелеу өнері тек мәдени феномен емес, болмысты ұғынудың және танымдық тәжірибені құрылымдаудың ерекше философиялық тетігі ретінде сипатталады. Алынған нәтижелер миф, символ және визуалды таным мәселелерін зерттейтін қазіргі философиялық және эстетикалық теорияларды нақтылай отырып, философия, өнертану және мәдениеттану саласындағы пәнаралық зерттеулер үшін теориялық негіз бола алады. Түйін сөздер: миф, визуалды онтология, көркем репрезентация, архетип, визуалды эпистемология, мәдени жады, постмифтік сана, болмыстың репрезентациясы