DEVELOPING STUDENTS’ SKILLS IN PERCEIVING LITERARY WORKS IN KAZAKH LANGUAGE LESSONS

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.69927/zort1976
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада оқушылардың әдеби шығармаларды қабылдау дағдыларын бағалау бойынша зерттеулер берілген. Шығармаларды оқу арқылы оқушы жазу, сыни ойлау мен талдау дағдыларын дамытады. Оқушының өз сенімін, пікірін, көзқарасын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. Зерттеу барысында мектеп оқушыларының әдеби түсінігі мен әдеби шығармаларды қабылдау дағдылары бағаланады, бұл олардың әдеби құзыреттілігін арттыруға, көркем шығармаларды оқуға, түрлі тапсырмаларды орындауға ықпал етеді. Зерттеуге Қазақстандағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып оқушылары (саны – 1140) қатысты. Оқушылардың көркем әдебиетті оқу, оқиғаларды жеке өмірімен байланыстыруы, әдеби дағдыларды меңгеруі топтастыру негізінде қарастырылды. Әдеби шығарманы қабылдау дағдылары мен оқушылардың сөйлеу әрекеттері бойынша оқу жетістіктері арасындағы байланыс талданды. Нәтижесінде оқушылардың әдеби шығармаларды қабылдау дағдылары жақсы деңгейде, ал автордың көзқарасын тану, мәтінге баға беру, бағалау дағдылары салыстырмалы түрде орташа екені белгілі болды. Оқушылар пәнге қатысты жақсы нәтиже көрсетті, ал әдеби шығармаларды қабылдау дағдыларын меңгеруі топтастыру кезінде әр сыныпта әртүрлі болды. Әдеби шығармаларды қабылдау дағдылары неғұрлым жоғары болса, оқушылар әдебиетті оқуда жоғары білім деңгейін көрсете алатыны анықталды. Оқушылардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау, оларға қажетті қолдау көрсету және оқу бағдарламаларын жетілдіру арқылы әдеби білім мен дағдыларды дамытуға ықпал етуге болады.