Студенттерді жасанды интеллект арқылы ағылшынша-қазақша аударма ерекшеліктерін талдауға үйрету

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes86120268
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл ғылыми зерттеу мақаласы болашақ аудармашыларға жасанды интеллект арқылы ағылшынша-қазақша алдын ала аударылған көркем әдеби шығарманы сын тұрғысынан талдап үйретуге бағытталған. Зерттеудің мақсаты студенттерді жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, аудармаларды ағылшынша-қазақша талдауға оқыту әдістемесін әзірлеу және теориялық негіздеу болып табылады. Зерттеудің негізгі міндеттері студенттердің қызығушылықтарын арттыру мақсатында жасанды интеллектінің қазақ тілінде ұсынылған көркем туындысын дұрыс бағалау, жасанды интеллект өніміне сын көзбен қарау, аударма қателерін анықтау, оны жою жолдарын түсіндіріп талдау және дәлелдеу, аударма сапасының жоғары деңгейінде сақталуын қадағалау, синтетикалық ЖИ контентін ой елегінен өткізу, жасанды интеллект аудармасына 100% сенбеуді үйрету, ЖИ аудармасының растығын тексеру, көркемдік құралдармен дұрыс өңделгендігін тексеруге бағытталған. Сондай-ақ, оқу үдерісінде студенттер жасанды интеллект өнімдерін сын тұрғысынан саралап, аударма құзыреттілігін дамытып, прозалық мәтінді интерпретациялау қабілеттерін қалыптастырады. Жүргізілген талдау кезінде бірнеше қарама-қайшылықтар туындағандықтан, оларды жоюдың ең тиімді жолдары ұсынылды. Зерттеу әдістемесі ғылыми әдебиеттерді талдауға, түпнұсқа мен ЖИ ұсынған аудармаларды салыстырмалы талдауға, сауалнама жүргізу және бақылау әдістеріне негізделген. Эксперимент аралас әдіс арқылы жүзеге асқандықтан, оның қатысушылары ерікті таңдап алдынды. Тәжірибелік-педагогикалық жұмысқа Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 3-курсынан 50 студент қатысты. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс үш кезеңнен тұрды. Экспериментте қатысушылардың аударма құзыреттілігі жасанды интеллект өнімдеріне сын тұрғысынан қарауды үйрету арқылы қалыптастыруға болатыны анықталды. Жүргізілген талдау ЖИ аудармаларына сыни талдау жасау студенттердің аударма құзыреттілігінің дамуына ықпал ететіндігін көрсетті. Зерттеудің құндылығы оның цифрлық трансформация жағдайында көркем аударманы оқыту әдістемесін дамытуға және білім беру процесінде жасанды интеллектіні қолданудың шегі мен мүмкіндіктеріне қосқан үлесімен анықталады. Алынған нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығын ағылшынша-қазақша бағытта жұмыс атқаратын болашақ кәсіби аудармашыларды даярлау үшін оқу бағдарламаларын, практикалық сабақтар мен бағалау материалдарын әзірлеу кезінде пайдалануға болады. Түйін сөздер: жасанды интеллект, болашақ аудармашы, сыни талдау, ЖИ өнімдері, аударма құзыреттілігі.