Аутизмі бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда ABA терапияның мүмкіндіктері

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes861202611
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аутизмі бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту, соның ішінде сөздік қоры мен семантикалық қабілеттерін жетілдіру – қазіргі арнайы педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Аутизмі бар балалардың лексикалық және семантикалық дамуындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік және когнитивтік бейімделуіне, сондай-ақ білім беру жүйесіне кірігуіне елеулі әсер етеді. Осыған байланысты бұл зерттеу жұмысы сөздік қорды дамытуда қолданылатын бейімделген АВА (Applied Behavior Analysis) терапияның мүмкіндіктерін анықтауға бағытталды. Зерттеудің мақсаты – 3–6 жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеуінің лексикалық және семантикалық аспектілерін дамытуға арналған бейімделген АВА терапиясының тиімділігін теориялық және тәжірибелік тұрғыда дәлелдеу. Зерттеу барысында диагностикалық әдістер, қалыптастырушы және бақылау эксперименттері, сандық және сапалық талдау әдістері қолданылды. Эксперимент Қазақстанның екі өңіріндегі оңалту орталықтарында ұйымдастырылып, 60 баланы қамтыды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бейімделген АВА терапиясы балалардың сөздік қорын арттыруда, мағыналарды түсіну және қолдануда, сөйлеу қабілетін жетілдіруде жоғары тиімділік көрсетті. Эксперимент тобының орташа балл көрсеткіші айтарлықтай артты (60.8-ден 85.5-ке дейін). Сонымен қатар, сапалық талдау нәтижесінде балалардың семантикалық дәлдігі, сөздерді контексте қолдану қабілеті жақсарғаны анықталды. Зерттеудің құндылығы – отандық білім беру жүйесінде қазақтілді және орыстілді аутизмі бар балаларға бейімделген АВА бағдарламасын қолданудың алғашқы кешенді ғылыми негіздемесін ұсынуында. Практикалық маңыздылығы – логопедтер мен дефектологтарға нақты тілдік интервенция үлгісін ұсынып, білім беру үдерісіне тиімді құрал енгізуге мүмкіндік береді. Түйін сөздер: АВА терапиясы, аутизм спектрінің бұзылысы, лексикалық даму, семантикалық даму, мектеп жасына дейінгі балалар.