ШЕТЕЛ МУЗЕЙЛЕРІНДЕГІ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЙТАРУ МӘСЕЛЕСІ: ТАРИХИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ДИСКУРСТЫҚ ЗЕРТТЕУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh1201202614
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада империялық кезеңде қалыптасқан тарихи-мәдени құндылықтардың қазіргі ғылыми дискурстағы орны мен олардың қайтарылу мәселесінің тарихнамалық дамуы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – репатриацияға қатысты теориялық ұстанымдар мен практикалық тәжірибелердің эволюциясын, халықаралық құқықтық құжаттар мен музейлік саясаттың рөлін және мәдени мұраға қолжетімділікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін талдау. Зерттеу әдістемесі тарихнамалық шолу, салыстырмалы-тарихи әдіс, контент-талдау, жүйелік-құрылымдық тәсіл және библиографиялық талдау әдістерін үйлестіре қолдануға негізделді. Ғылыми жаңалығы – мәдени мұраға қолжетімділік ұғымын тек репатриация шеңберінде ғана емес, сонымен қатар мәдени, этикалық және символдық мәнге ие халықаралық әріптестік форматтарында кешенді түрде қарастыруда. Мақалада ЮНЕСКО-ның 1970 жылғы Конвенциясы мен 1995 жылғы UNIDROIT Конвенциясының рөлі, постколониялық сын, «әмбебап музей» концепциясының трансформациясы және заманауи музейлердің provenance-зерттеулер жүргізу тәжірибесі қарастырылған. Сонымен қатар, зерттеуде кеңестік және отандық ғалымдардың еңбектері (И. Неуступный, И. Бенеш, В. Глузинский, В. Грицкевич, П. ван Менш) талдана отырып, музейтанудың теориялық-методологиялық дамуы мен оның қазіргі ғылыми дискурстағы орны қарастырылды. Зерттеулер көрсеткендей, әлем музейлері бұрынғы отар елдермен серіктестікті арттырып, бірлесіп көрмелер жасап, уақытша көрмеге эксонаттарды беру, цифрлық репатриация және көпдауысты кураторлық жобаларды іске асыру арқылы мәдени әділеттілік пен өзара түсіністікке негізделген байланыстар орнатуда. Бұл тәжірибелер Қазақстан үшін де өзекті, себебі шетел музейлеріндегі қазақ этнографиялық мұраларын қайтару мәселесінде дау-дамайсыз, өзара тиімді шешімдер табуға мүмкіндік береді.