2025 ЖЫЛЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚОЙШЫМАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh1201202612
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында орналасқан ортағасырлық Қойшыман қалашығында жүргізілген кешенді археологиялық зерттеулердің нәтижелерін ғылыми тұрғыда зерделеуге арналған. Аталған ескерткіш Шу өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Қалашық атауы бұл уақытқа дейін тарихи аңыздар мен жазба деректерде кездесетін. Соңғы жылдары Қазақ хандығы дәуірімен тығыз байланыста қарастырылып жүрген маңызды археологиялық нысан ретінде ерекшеленеді. Зерттеу аясында барлау және қазба жұмыстары жүргізіліп, қалашық аумағынан анықталған құрылыс қалдықтары мен мәдени қабаттар жан-жақты талданды. Мақалада Қойшыман қалашығының қалыптасуы мен өмір сүру кезеңдерін анықтау мәселесіне басымдық беріліп, археологиялық материалдар зертханалық талдаулардың нәтижелерімен салыстырылып қарастырылды. Алынған деректерден қалашықтың іргетасы Алтын Орда дәуірінде қаланғаны, бертін келе Қазақ хандығы кезеңіндегі өңірлік саяси және шаруашылық жүйеде маңызды орын алғанын көрсетті. Сонымен қатар ескерткіштің кеңістіктік орналасуы, жоспарлану жүйесі және тарихи-топографиялық құрылымы жөнінде бұрын ғылыми айналымға енбеген мәліметтер ұсынылады. Археологиялық зерттеулер Жамбыл облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы мекемелердің бастамасымен Қазақ хандығының 560 жылдығына орай ұйымдастырылып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Университет археологиялық экспедициясы (жетекшісі М. Елеуов) мамандарының қатысуымен жүзеге асырылды. Зерттеу барысында XIX-ХХ ғғ. бастап бүгінгі күнге дейінгі археологиялық барлау материалдары мен ғылыми еңбектер кеңінен пайдаланылды. Мақалада кеңестік дәуір және Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі зерттеу бағыттары жүйеленіп, Қойшыман қалашығының тарихи маңызы мен ғылыми әлеуеті кешенді түрде ашып көрсетіледі.