ТҮРІК ТЕЛЕХИКАЯЛАРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТҮРІК ТІЛІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНЕ ЫҚПАЛЫ

Journal of Oriental Studies, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jos202611613
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бүгінгі таңда түрік телехикаялары әлемдік кино индустрияда елеулі орын алып, шетелдіктердің Түркия мен түрік мәдениетіне деген қызығушылықтың артуына ерекше ықпал етуде. Мақалада жоғары оқу орындарында түрік тілін шетел тілі ретінде оқыту үдерісінде студенттердің түрік телехикаяларын қолдануға қатысты көзқарастары зерделенеді. Зерттеутүрік телехикаялары студенттердің түрік тіліне деген қызығушылығын оятады және олардың түрік тілін үйренулеріне оң әсерін тигізеді деген гипотезаға негізделген. Зерттеудің негізгі мақсаты – түрік телехикаяларының студенттердің түрік тілін үйренуге деген ынтасын қалай қалыптастыратындығын және олардың студенттердің түрік тілін үйренулеріне қалай ықпал жасайтынын анықтау. Зерттеудің өзектілігі Түркияның халықаралық аренадағы ықпалының артуымен, түрік телехикаяларының танымалдылығымен және жастардың түрік тілі мен мәдениетіне деген қызығушылықтың артуымен айқындалады. Зерттеу Қазақстан-Американдық еркін университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне жүргізілді. Зерттеуге аталған университеттерден 100 студент қатысты. Google формада әзірленген сауалнама арқылы жүргізілген зерттеудің нәтижесінде түрік телехикаяларыныңстуденттердің түрік тіліне деген мотивациясын арттыру мен олардың түрік тілін үйрену үдерісіне ықпалы анықталды. Зерттеу барысында сандық әдіс, контент талдау және сипаттау әдістері пайдаланылды. Зерттеудің нәтижелері негізінде телехикаялардың студенттердің түрік тіліне қызығушылықтарын арттыруға және олардың шетел тілі ретінде түрік тілін меңгертугеықпалы талданды, сондай-ақ түрік телехикаяларын оқу үдерісіне кіріктіруге қатысты ұсыныстар жасалады. Түйін сөздер: шетел тілін оқыту үдерісі, түрік тілін оқыту, түрік мәдениеті, түрік телехикаялары, тіл мен мәдениет интеграциясы, мотивация, тілдік дағдылар, мәдени мәнмәтін.