Abstract
«Талас алқабындағы ортағасырлық төрткүлдерді локализациялаудың табиғи алғышарттары» мақаласының мақсаты – Талас өзенінің бассейнінің кең кеңістігінде төрткүлдердің орналасуына әсер еткен негізгі табиғи факторларды анықтау және зерттеу. Бұл форпосттардың орналасуының басты аспектілері қуаң климатпен анықталды. Инфақұрылымы және ауыл шаруашылығы дамыған қоныстарды кесіп ағатын суы тұщы әрі мол су нысандары үлкен маңызға ие болды. Талас алабының әртүрлі бөліктеріндегі геология- геоморфологиялық жағдайлар зерттеу жүргізілген ауданның сумен қамтамасыз етілуіне ерекше септігін тигізіп қана қоймай, төрткүлдердің орналасуына және адамдар мен тауарлар үшін ірі транзиттік дәліз болған Талас алабының сумен жақсы қамтылуы мен болашағына әсер етті.