ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН ОНЛАЙН-КУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj202511642
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Осы мақалада құқықтық пәндерді оқыту үдерісінде цифрлық платформалар мен онлайн-курстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне ғылыми талдау жүргізіледі. Бұл зерттеуде құқықтық пәндерді оқыту аясында цифрлық оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері сарапталып, сондай-ақ заманауи білім беру үдерісінде онлайн-курстарды тиімді интеграциялаудың мүмкіндіктері талданады. Сонымен қатар, құқықтық пәндерді оқытуда қолданылатын онлайн-курстардың мазмұны мен құрылымы талданып, оқу үдерісін цифрландырудың осы пәндерді меңгеруге тигізетін ықпалы қарастырылады. Жүргізілген талдау нәтижелері цифрлық платформалардың білім берудің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға елеулі ықпал ететінін көрсетті. Онлайн-курстар білім алушыларға құқықтық жағдайларды ыңғайлы форматта оқып үйренуге мүмкіндік береді, ал цифрлық технологиялар оқытуда жеке көзқарасты қамтамасыз етіп, білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделуге ықпал етеді. Сонымен, зерттеу барысында бірқатар мәселелер де анықталды, соның ішінде оқыту әдістемелерін жаңғырту қажеттілігі, оқытушылар мен білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ білімді бағалаудың тиімді тетіктерін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді. Қорыта айтқанда, зерттеуде білім алушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға бағытталған жекелендірілген әрі икемді білім беру ортасын қалыптастырудағы дәстүрлі және цифрлық оқыту әдістерін ұштастыратын аралас оқыту моделінің маңызы айқындалады. Зерттеу нәтижесінде құқықтық пәндерді оқыту үдерісінде онлайн-курстарды тиімді пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленеді. Түйін сөздер: Білім, жоғары білім, цифрлық білім, құқықтық пәндер, білім беру технологиялары, цифрлық платформалар, онлайн курстар, жаппай ашық онлайн-курстар (ЖАОК)