Abstract
Ет өндірісін басқаруда қаржылық модельдеуді қолдану мал шаруашылығы шаруашылықтарының көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі. Мұндай модель өндірістік жоспарларды әзірлеу және кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың тиімді құралы бола алады. Қазақстандағы мал шаруашылығының жағдайын талдау барысында статистикалық және экономикалық тәсілдерді қолдана отырып, өндірістік тиімділігі мен саланың дамуына кедергі келтіретін факторлар анықталды. Бизнес-процестердегі байланыстарды анықтау және қаржылық модель құрылымын құру үшін логикалық әдіс пен жүйелік тәсіл қолданылды, бұл мал шаруашылығының барлық аспектілерін қамтуға, элементтерді және олардың арасындағы қатынастарды белгілеуге, олардың сыртқы индикаторлармен өзара әрекеттесуін орнатуға мүмкіндік берді. Модельдің мазмұнын қалыптастыру кезінде синтез, сәйкестендіру, салыстыру және математикалық есептеу әдістері қолданылды. Етті мал шаруашылығына құрылған қаржылық моделі – бұл кірістер мен шығыстарды жоспарлау негізінде қаржылық көрсеткіштерді болжауға, сондай-ақ ақша ағындарын болжау арқылы өндірістік жоспарларды қаржылық қамтамасыз етуді басқаруға мүмкіндік беретін есептеулері бар өзара байланысты нысандардың жиынтығы. Бизнес-процестердің қаржылық моделі әртүрлі өндірістік жоспарларды олардың табыстылығы мен тәуекелдерін ескере отырып жылдам құруға және бағалауға, ресурстарды тиімді пайдалану арқылы ағымдағы қызметті оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қаржылық модельдеу өзгермелі жағдайларға сәйкес жоспарларды жедел түзету мүмкіндігінің арқасында мал шаруашылығындағы жоспарлауды бейімделгіш және икемді етеді. The usage of financial modeling in beef production management encourages to improve the performance of cattle breeding farming. This model also can serve as a tool for developing production plans and organizing activities of enterprises. During the analysis of cattle breeding situation in Kazakhstan, the factors constraining the development of industry were identified by using statistical and economical approaches. The logical method was leveraged for defining relationships in business processes and building a structure of financial modeling. While forming the content of the model, the following methods were used: synthesis, juxtaposition, comparison, and mathematical calculations. The created financial model for beef cattle breeding is a set of interrelated forms with calculations that allow forecasting financial indicators based on income and expense planning, along with managing financial support for production plans by forecasting cash flows. The financial model of business processes enables to create rapidly and evaluate various production plans by considering their profitability and risks, and optimize current activities through the efficient use of resources. Due to the ability to promptly adjust plans in accordance with changing conditions, financial modeling makes planning more adaptive and flexible in cattle breeding.