ЯСАУИ ІЛІМІНДЕГІ ТАФАККУР МӘСЕЛЕСІ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.63727/ris202573-13
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақала Орта Азияның сопылық дәстүріндегі көрнекті тұлға Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі «тафаккур» (терең ойлану, ішкі толғаныс) ұғымының орнын және оның атқаратын қызметін талдауға арналған. Ясауидің «Диуани-Хикмет» мұрасында көрініс тапқан тафаккур түсінігі тек жеке адамның рухани тазаруын ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ахлақтың қалыптасуын көздейтін көпқабатты танымдық тұғырды ұсынады. Зерттеуде хикмет мәтіндері тарихи контекст аясында қарастырылып, тафаккурдың Құран мен хадистердегі негіздері және бұл ұғымның Ясауидің сопылық педагогикасындағы орталық рөлі айқындалады. Сонымен бірге, Ясауидің тафаккур тәжірибесінің сол дәуірдің әлеуметтік-мәдени кеңістігіндегі қызметі және түркі-мұсылмандық сопылық дәстүрге қосқан үлесі сараланады. Мақалада «Диуани-Хикметтегі» тиісті бәйіттерге сапалық мазмұндық талдау жүргізу арқылы тақырыптық ерекшеліктері ашылады. Зерттеу нәтижелері Ясауидің тафаккур ұғымы тек жеке мистикалық тәжірибемен шектелмей, қоғамдық ынтымақты, адамгершілік кемелденуді және «инсан-и камил» идеалына жету үдерістерін бағдарлайтынын көрсетеді. Осы арқылы мақала Ясауи дүниетанымындағы тафаккурдың жеке де, ұжымдық та рухани тәжірибе ретіндегі қалыптасу қырларын айқындап, қазіргі сопылық зерттеулер мен исламдық ой тарихы үшін маңызды ғылыми үлес ұсынуды мақсат етеді.