Уильям Джеймстің дінтану ғылымына қосқан үлесі: жеке діни тәжірибелерді негіздеу

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs20254443
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада дін психологиясының негізін қалаушы Уильям Джеймстің (1842-1910) көзқарастары мен ғылыми мұрасы талқыланады. Сол замандағы ғылыми-философиялық, дінтанулық үрдістер контексінде Джеймстің дін атаулыға прагматизм, эмпирикалық тұрғыдан жаңаша көзқарас қалыптастырғаны, оның зерттеулерінің басты идеяларының ғылыми маңызы зерттеледі. Американдық ойшыл әрі психолог діни сенімнің мүмкіндігін және құндылығын зерделеді. Оның дінтану ғылымына қосқан үлесі ең алдымен жеке діни тәжірибелердегі адамның риясыз сеніміне байланысты түрлі психологиялық, мистикалық халдерді басынан кешіруі, сол жолда өзіне рухани тірек тауып, санасының жетілуін басты құндылық және зерттеуге лайық құбылыс ретінде жан-жақты дәлелдеуінде. У. Джеймс сол дәуірде үстемдік құрған рационализм мен догматизмге, сонымен бірге «медициналық материализмге» де бірдей оппозицияда құрылған өзінің әдістемесінде дінді прагматизм, яғни пайдалылық тұрғысынан адам санасындағы күйзелістерді жеңетін, өмірін құнарландырып, күш-қуатын арттыратын бірегей құбылыс ретінде негіздеді. Діннің мәні жалпылама онто-теологиялық негіздерден гөрі адамның субъективті-психологиялық болмысына тән феномендерде жатыр деген Джеймстің басты жаңашыл пікірі дінтану, психология, философия, антропология, теологияға үлкен әсерін тигізіп, авторды түбегейлі әдістемелік бетбұрыс жасаған ойшыл, ғалым ретінде танытты. Мақала авторлары американдық философ әрі психологтың идеялары әлі күнге дейін өзінің ғылыми маңызын жоғалтпағанын дәлелдейді. У. Джеймстің «Діни тәжірибелердің әралуандылығы» атты кітабының жеке діни тәжірибелер мен мистицизм феномендерін зерттеуде ғылыми-әдістемелік маңызы зор. Түйін сөздер: Уильям Джеймс, дін психологиясы, прагматизм, жеке тұлға, діни тәжірибелер