Abstract
Бұл жұмыста GeoGebra интерактивті компьютерлік бағдарламасының 6-сынып оқушыларының «Сызықтық теңсіздіктер» тақырыбын меңгеруіне әсері қарастырылды. Зерттеу мәселесі –оқушылардың теңсіздіктерді түсінуі мен визуализациялауында кездесетін қиындықтар, соның салдарынан математиканы оқудағы мотивациясының төмендеуі. Осыны шешу үшін квазиэксперименттік әдіс қолданылды: Алматы қаласындағы Махатма Ганди атындағы No92 лицейдің 30 оқушысы эксперименттік және бақылау топтарына бөлінді. Эксперименттік топта сабақтар GeoGebra арқылы, ал бақылау тобында дәстүрлі әдістермен жүргізілді. Деректер pre-test, post-test тестілері және Ликерт шкаласы бойынша сауалнама арқылы жиналды. Нәтижелер эксперименттік топтың оқу үлгерімі бақылау тобымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болғанын көрсетті (әсер мөлшері d = 0,819). Сауалнама нәтижелері GeoGebra оқушылардың түсінуін, визуализация қабілетін, өзіне деген сенімділігін және пәнге қызығушылығын арттырғанын айқындады. Зерттеу қорытындысы бойынша, GeoGebra жалпы орта мектептерде, әсіресе сызықтық теңсіздіктерді оқытуда тиімді педагогикалық құрал болып табылады.