М.Х. Дулатидің «Құдай-Адам-Әлем» концепті: философиялық талдауы

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp1942025
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақала өтe күpдeлi мәдeни-тapиxи кeңicтiкті қамтитын түркі өркениетінің көрнекті тұлғасы М.Х.Дулатидің философиялық көзқарастарын талдауға арналады. Қазіргі таңда түркі-қазақ халқының ойшылдарының шығармашылығын жаңаша кеңістіктік талаптар негізінде талдап, әлемге таныту мақсатындағы бұндай зерттеулер заман талабынан туындаған рухани-мәдени қажеттіліктердің бірі екендігі ғылыми баяндалады. Осыған орай, мақала М.Х. Дулати өмір сүрген ортағасырдағы ой-танымның негізгі арқауына айналған «Құдай-Адам-әлем» концепті ойшыл көзқарастары негізінде философиялық негізде талданып, тұжырымдар берілді. Мақалада М.Х. Дулатидің адам өмірі мен оның мәні турасындағы ой-толғамдары аталған концептуалдық талдау негізінде қарастырылып, өзіндік ерекшеліктері көрсетіледі. Атап айтқанда, философиялық көзқарастарында эмоционализмнің де қолданылуы, тарихи айғақтардың молдығы және маңызды оқиғалардың таңдалып алынуы, теологиялық пікірлердің де астасып отыруы, т.б. Бұған қоса, мақалада «Құдай-адам-әлем» концепті арқылы М.Х. Дулатидің адам өмірінің мәні туралы көзқарастары кейінгі ХХ ғасырдағы батыстық философтардың идеяларымен астасып жатқандығы салыстырыла талданып, әлі де болса тереңірек ғылыми зерделеуді талап ететіндігі ғылыми дәйектеледі. М.Х.Дулати тұжырымдарындағы мұсылмандық-теология негіздеріне сүйенген өмірдің мәні мен мағынасы, тарих философиясындағы адамзат эволюциясының мәні, шынайы өмір, өмірмәнді этикасына талдаулар жасалады. Ойшыл шығармашылығында сол уақыттағы тарихи-саяси, қоғамдық ахуал, ислам дінінің түркі тектес халықтарға рухани әсер-ықпалдарының айқын көрініс табатыны айтылады. Түйін сөздер: М.Х. Дулати, «құдай-адам-әлем» концепті, ойшыл, өмірмәнді этика, ислам, қоғамдық ахуал