Қазақстанның мәдени ландшафтындағы әйелдер тас мүсіндері

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp9942025
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Қазақстанның мәдени ландшафтында кездесетін әйел сипатындағы антропоморфтық тас мүсіндер ғылыми тұрғыда қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – көне және ортағасырлық дәуірлерде жасалған әйел тас мүсіндерінің семантикалық, тарихи және мәдени ерекшеліктерін анықтау. Авторлар көшпелі мәдениеттің қалыптасуы аясында бұл артефактілердің кеңістікте орналасуы мен атқаратын рөлін талдай отырып, олардың сакралды мәні мен әлеуметтік маңызын ашады. Зерттеудің нысаны – Қазақстандағы антропоморфтық әйел бейнесіндегі тас мүсіндер. Зерттеу пәні – бұл мүсіндердің бейнелеу ерекшеліктері, кеңістіктегі орналасуы, тарихи контексте алатын орны. Мақалада археологиялық және этнографиялық деректер негізінде әйел мүсіндерінің кең ауқымды тізілімі жасалған. Зерттеу әдіснамасы ретінде тарихи-салыстырмалы, археологиялық-типологиялық және мәдениеттанулық талдау тәсілдері қолданылды. Жұмыс нәтижесінде әйел тас мүсіндерінің ежелгі қазақ қоғамындағы ана культі, құнарлылық және әйелдің қасиетті мәртебесімен байланысы нақты дәлелдермен көрсетілді. Бұл зерттеу көшпелі қоғамдардың рухани дүниетанымын терең түсінуге мүмкіндік береді және қазақ мәдени мұрасын жүйелеуге маңызды үлес қосады. Авторлар ұсынған тізілім мен талдаулар әйел мүсіндерінің қазіргі зиярат ету тәжірибесіндегі орнын да айқындайды. Мақала нәтижелері этнография және мәдениеттану салаларындағы ғылыми-зерттеу және мұражайлық жұмыстарда практикалық қолданысқа ие. Түйін сөздер: әйел тас мүсіндері, бәдіз, балбал, мәдени ландшафт, этнография