Abstract
Мақалада қазақ әдебиетіндегі интермәтін поэтикасының көркем мәтіндегі қызметі қарастырылады. Интермәтіндік тәсілдердің (цитаталық, аллюзиялық, пародиялық, реминисценттік) көрінісі мен олардың поэтикалық, экспрессивтік, апеллятивтік, метатекстік және ақпараттық қызметтері талданады. Тақырыптың өзектілігі қазіргі қазақ әдебиетінің постмодернизм кезеңінде интермәтіндік байланыстардың күшеюімен айқындалады. Зерттеу әдістеріретінде сипаттамалы, салыстырмалы және талдау тәсілдері қолданылды. Мақсаты –интермәтін поэтикасының көркем мәтіндегі рөлін ашу және оның көркемдік, эстетикалық маңызын айқындау. Зерттеу нәтижелері әдебиеттанудағы интермәтіндік бағыттың теориялық және практикалық негізін кеңейтіп, мәтінтану үдерісінде қолдануға мүмкіндік береді.