ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.88.4.032
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Инклюзивті білім беру мәселесі Қазақстанның білім беру жүйесінде өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны барлығына мәлім. Соңғы жылдары аталмыш мәселеге қатысты орасан зор еңбектер мен зерттеулер жүргізілді. Дегенмен, осы салада, әлі де шешілмеген мәселелер баршылық, олардың бірі инклюзивті білім беру ортасында дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру мәселесі.Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы оқыту мен оны ұйымдастыру ісі біршама ерекшеліктерге толы, әсіресе дене шынықтыру сабағына қатысты нақты ұсыныстар керек. Көптеген ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балалар бұл сабаққа қатыса қоймайды, оның бірден-бір себебі оқытушы мұғалімдердің бұл жұмысқа қатысты әдістемелік тұрғыдан дайын болмауы деп айтуға болады. Осы мәселені зерттеу аясында мақалада шетелдік тәжірибе сараланды, кемшіліктері мен артықшылықтары және әдістемелік тұрғыдан ұсыныстар іріктеліп, авторлардың ұсынып отырған «Инклюзивті білім беру жағдайында дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары» атты еңбегінде көрініс тапты.Зерттеу жұмысы авторлардың ұсынып отырған «Инклюзивті білім беру жағдайында дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстарын» тәжірибеден өткізіп, оның тиімділігін анықтауға арналған. Ол үшін Павлодар қаласының бірнеше дене шынықтыру сабағының мұғалімдеріне аталмыш әдістемелік ұсыныстарды тәжірибеде қолданып көріп, тиімділігін анықтау бойынша зерттеу жұмысына қатысуға ұсыныс берілді. Ең алдымен интервью арқылы мұғалімдердің қарастырылып отырған мәселеге қатысты пікірлері алынды. Әдістемелік ұсыныстарды апробациядан өткізуден кейін соңғы интервью алынып, дене шынықтыру мұғалімдерінің пікірлері анализденді.