Abstract
Мақалада жазушы Шерхан Мұртаза шығармаларын оқыту мен талдауды жасанды интеллект көмегімен ұйымдастырудың әдістері, оқыту саласындағы нейрожелілердің ықпалы сараланады. Білім берудің заманауи парадигмаларына сәйкес оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын интеграциялаудың маңызы, артықшылықтары мен кемшілігі, мүмкіндіктері талданады. Цифрлық трансформация кезеңіне сәйкес білім беру саласында жасанды интелектініинтеграциялау тұрғысында әдіскер ғалымдардың зерттеулері мен пікірлері жан-жақты талданып, өзіндік тұжырымдар ұсынылды. Әртүрлі педагогикалық-психологиялық еңбектердегі жасанды интелект ұғымына қытысты анықтамалар мен тұжырымдар талданды, білім беру процесіне жасанды интелектіні интеграциялаудың қажеттілігі мен негізгі перспективалары тұжырымдалды. Сонымен қатар, білім алушылардың қазақ әдебиеті көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру мақсатындағы ЖИ негізделген интерактивті платформалар мысал ретінде келтіріліп, оқу процесіндегі қолданысы, мүмкіндіктері сарапталады. Модельдеу әдісінің көмегімен жазушы Ш.Мұртаза шығармаларын талдау, кейіпкерлерге мінездеме беру, сондай-ақ көркем шығарма мазмұнын интерпретациялаудағы ЖИ құралдарының мүмкіндіктері сараланды