ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛА САУДАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРДЫҢ САЯСИ АСПЕКТІСІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2025.92.4.010
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақстандағы бала саудасы – адам құқықтарын өрескел бұзатын, қоғамның тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзекті мәселе. Әлемдік деңгейде балалардың құқығын қорғау халықаралық конвенциялар мен ұлттық заңнамалар арқылы реттеліп келе жатқанына қарамастан, ел ішінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени және құқықтық факторлар бала саудасының өршуіне ықпал етуде. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі бала саудасына әсер ететін негізгі саяси және әлеуметтік факторларды айқындау қажеттілігінен туындайды. Зерттеудің мақсаты – 2018–2022 жылдар аралығындағы ресми қылмыстық статистикаға сүйене отырып, бала саудасының себептері мен ерекшеліктерін анықтау, мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау және осы қылмыстың алдын алуға бағытталған ұсыныстар жасау. Әдіснамалық негіз ретінде салыстырмалы-құқықтық талдау, тарихи-саяси сараптау, статистикалық деректерді өңдеу және жүйелі саяси талдау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми деректері, ұлттық заңнамалар мен халықаралық құқықтық құжаттар пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бала саудасы көбінесе әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы балаларға қатысты орын алады. 2018–2022 жылдар аралығында бала саудасына байланысты қылмыстық істер санының айтарлықтай өсуі байқалды, ал COVID-19 пандемиясы бұл құбылыстың тереңдеуіне әсер еткен. Мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, құқықтық олқылықтар мен әлеуметтік теңсіздік бала саудасын азайтуға кедергі болып отыр. Бұл зерттеу нәтижелері мемлекеттік саясатты жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін дәлелдейді.