АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҚАПТАРЫН КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ӘДІСТЕМЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2025/41
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада ауыл шаруашылығы алқаптарын кадастрлық бағалау әдістері зерттеліп, шетелдік тәжірибелерге талдау жасалды. Жер кадастрының экономикалық мәнін, оның нарықтық қатынастар мен мемлекеттік реттеу жүйесіндегі орнын айқындай отырып, бағалау нәтижелерінің жерге салық салу, жалдау төлемін есептеу, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау барысында маңызын атап өтеді. Беларусь, Латвия, Армения және Польша сияқты елдердің бағалау жүйелерін салыстырып, олардың нормативтік-құқықтық базасын, қолданылатын әдістерін және бағалау жиілігін қарастырды. Әр елдің тәжірибесі арқылы бағалаудың тиімді жақтары мен Қазақстан жағдайында енгізуге болатын бағыттар айқындалған. Жұмыста жердің кадастрлық құнының салық салу, жалдау ақысы мен инвестициялық шешімдер қабылдаудағы маңызы айқындалды. Әсіресе, жердің топырақ сапасы, құнарлығы, инфрақұрылымға жақындығы сияқты факторлардың бағалау нәтижесіне әсері көрсетілген. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстандағы «Поляна» ЖШС мысалында жердің кадастрлық құны мен жалдау ақысы есептеліп, ұзақ мерзімді жалға алудың экономикалық тиімділігі дәлелденді. Қазақстанда кадастрлық бағалау әдістемесін жетілдіру үшін шетелдік тәжірибелерді енгізудің маңыздылығын атап өттік. Зерттеу барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау мәселелері бойынша ғылыми жарияланымдары мен мерзімді басылымдар, статистикалық ақпараттық пайдаланылды. Мақалада диалектикалық, логикалық әдістер, экономикалық және статистикалық әдістер қолданылды. Жерді бағалау жүйесінде шет елдік тәжірибені зерделейміз. Мақалада ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану, жер нарығын дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру үшін ғылыми негізделген ұсыныстар ұсынады.