ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН РЕГЕНЕРАТИВТІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2025/25
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алғышарттар мен мақсат. Бұл мақалада қазіргі заманғы ауыл шаруашылығын экологиялық тұрғыдан тиімді және ұзақ мерзімді тұрақты дамыту мәселелері қарастырылады. Әлемдік климаттың өзгеруі, топырақтың тозуы мен эрозиясы, химиялық заттардың шамадан тыс қолданылуы сияқты ғаламдық сын-қатерлер аясында ауыл шаруашылығының жаңа бағыттары – органикалық тыңайтқыштарды пайдалану және регенеративті агротехнологияларды енгізу өзекті мәселеге айналуда. Материалдар мен әдістер. Органикалық тыңайтқыштар (биогумус, компост, жасыл тыңайтқыштар және т.б.) топырақтың табиғи құнарлылығын сақтап, ауылшаруашылық дақылдарының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл тыңайтқыштар экожүйеге зиян келтірмей, жердің микробиологиялық белсенділігін арттыру арқылы ұзақмерзімді өнімділікке қол жеткізуге ықпал етеді [1]. Нәтижелер. Регенеративті ауыл шаруашылығы – бұл тек өнім алуға емес, сонымен қатар топырақ құрылымын қалпына келтіруге, биоалуантүрлілікті сақтауға және экологиялық тепе-теңдікті ұстауға бағытталған кешенді тәсіл. Бұл жүйеде нөлдік немесе аз көлемді жер өңдеу, дақылдарды ауыспалы егу, покровные культуры (жамылғы дақылдар), органикалық мал шаруашылығын егіншілікпен біріктіру сияқты әдістер қолданылады. Мұндай тәсілдер топырақты эрозиядан қорғайды, ылғалдылықты сақтайды, зиянкестерге қарсы биологиялық тепе-теңдік қалыптастырады. Қорытынды. Қазақстан жағдайында органикалық және регенеративті әдістерді қолдану жер ресурстарын сақтауға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыруға және экологиялық қауіпсіз өнім өндіруге мүмкіндік береді. Аталған бағыттар – агрономия мамандығы бойынша болашақ мамандар үшін аса өзекті, себебі олар тек өндірістік тиімділікті ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімділікті де қамтамасыз етеді. Мақалада осы әдістердің артықшылықтары, іске асыру жолдары және олардың ауыл шаруашылығындағы орны терең талданады. Бұл зерттеу – экологиялық баламаларға негізделген тұрақты ауыл шаруашылығын қалыптастыруға арналған ғылыми-тәжірибелік негіз болып табылады.